Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 24 қаңтарда өңірде короновирус жұқтырудың 178 жаңа жағдайы тіркелген.
Осы күнге дейін облыста вирустан 460 адам көз жұмса, өткен тәулікте қайтыс болғандар тіркелген жоқ. Жұқпалы аурулар ауруханасы қазіргі уақытта 25 пайызға жүктелген, онда 344 науқас ем алып жатыр. Оның 23-і жансақтау бөлімінде. Жалпы індет басталғалы 36 561 адам вирус жұқтырып, оның 34 081-і дерттен айықты.