Өткен тәулікте тағы 110 облыс тұрғыны короновирус жұқтырды. Оның 71-де ауру белгілері болған.
ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 103 азаматтан және эпидқадағалау мақсатында 6 азаматтан алынды. Жалпы облыста 241 515 зерттеу жүргізілді; оң нәтижелер пайызы-жалпы санның 4% құрайды. Өткен тәулікте ПТР әдісімен 1446 зерттеу жүргізілді. Бүгінге дейін 10 324 солтүстікқазақстандық вирус жұқтырды, оның ішінде ауру белгілері бар –6363 және ауру белгілері жоқ – 3961 жағдай. 9 мыңға жуық жерлесіміз емделіп шықса, 42- сі вирустан көз жұмды. М. Жұмабаев ауданының Возвышенко және Қарақоға ауылдарында вирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. СҚО әлі де қызыл аймақта.
12-М. Жұмабаев ауданы;
0 - Жамбыл ауданы;
0 -Тимирязев ауданы;
13 -Аққайың ауданы;
2 -Ақжар ауданы;
1- Шал ақын ауданы;
2 - Тайынша ауданы;
10 - Ғ. Мүсірепов ат. аудан;
15 - Айыртау ауданы;
5 - Қызылжар ауданы;
1-Есіл ауданы;
36- Петропавл қаласында