Өткен тәулікте облыста Ковид-19 инфекциясы 155 адамнан анықталды. Осылайша өңірімізде індет басталғалы 35815 адам ауруға шалдыққан. Аудандарға тоқталатын болсақ Ғ. Мүсірепов ауданында 1 адам, Мамлют, М. Жұмабаев, Жамбыл аудандарында 2 адамда КВИ анықталған, Ақжар, Есіл, Тайынша және Шал ақын аудандарында 4,Уәлихан ауданында 6, Аққайың ауданында 9 адам, Айыртау ауданында 10, Қызылжар ауданында 19. Індетке шалдыққандар саны жағынан Петропавл қаласы көш бастап тұр. Мұнда 88 адамнан қауіпті инфекция анықталды.