Өткен тәулікте облыстың 40 тұрғыны коронавирус жұқтырды. Оның 33-інде ауру белгілері болған.
ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 36 азаматтан және эпидқадағалау мақсатында 3 азаматтан алынды. Жалпы облыста 12138 жағдай тіркелген. Оның 7523інде ауру белгілері бар, ал 4615сінде ауру белгілері жоқ. Өңірде 11341 адам коронавирустан жазылып шықса, өкінішке орай 42сі індет құрбаны болған. Облыста ПТР зерттеуін жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Пандемия кезеңінен бастап, облыс бойынша КВИ-ға – 270612 зерттеу жүргізілді, оң нәтижелер пайызы жалпы санның 4,5 пайызын құрайды. Өңірдегі инфекциялық стационарлар 26 пайызға толы.
ЖАЗЫЛЫП ШЫҚҚАНДАР САНЫ 11341
БІР ТӘУЛІКТЕ ЖҰҚТЫРУШЫЛАР 40
ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРЫ САНЫ 42
1-Шал ақын ауданы;
2-Мамлют ауданы;
2-Жамбыл ауданы;
3-Айыртау ауданы;
5-М. Жұмабаев ауданы;
6-Қызылжар ауданы;
6-Есіл ауданы;
15-Петропавл қаласында тіркелді.