Өткен тәулікте облыста 129 адамнан коронавирус анықталды. Соның ішінде 117 адам дәрігерлерге ауырып көрінген. КВИ жұқтырудың Тайынша ауданында 9, Айыртауда 8, Қызылжар ауданында 7 жағдайы тіркелсе, қалған аудандарда 5-тен төмен. Ал, Петропавлда 67 адамнан Ковид-19 анықталған. Жалпы, індет басталғалы өңірімізде 35 517 адам вирус жұқтырды.