ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА 3 ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

17:22, 11 мамыр 2021

Қазіргі таңда облыс тұрғындарына ковид-19 вирусына қарсы Спутник-Ви, Казвак, ХаятВакс вакциналары салынып жатыр. Бүгінгі күні вакцинаның 1-ші компонентін 55 мың 891,  2-ші компонентін 20 мың 141 адам алып үлгерді. Жалпы өңірде 100-ге жуық екпе егу пункті жұмыс істейді.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- Облыс орталығының тұрғындары емхана мен қоғамдық орындардан бөлек осындай жылжымалы екпе егу пунктіне келіп, коронавирусқа қарсы вакцина салдырта алады. Қазіргі таңда Петропавлда 3 автобус жұмыс істейді. Олар Береке, 20-шы ықшам аудандарда және қалалық саябақта орналасқан.

Қалалық орталық саябақтың алдында орналасқан мына жылжымалы кешенде 1 емхананың медицина қызметкерлері таңғы 9-дан кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар күніне 60-қа жуық тұрғынға ковид-19 вирусына қарсы екпе салады.

МАРГАРИТА САЛЬНИКОВА, ПЕТРОПАВЛДАҒЫ 1-ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ УЧАСКЕЛІК ФЕЛЬДШЕРІ:

- Біздің әріптестеріміз емханада, қоғамдық орындарда да вакцинациялау жұмыстарын сәтті жүргізіп жатыр. 7 күннің ішінде тек біздің емдеу мекемеміз 700-ге жуық тұрғынға екпе секті. Жылжымалы екпе егу пунктінде коронавирусқа қарсы вакцина салдырту үшін алдын-ала жазылудың қажеті жоқ. Бар болғаны жеке куәлік қажет. Халық арасында Отандық әрі Ресейлік екпе үлкен сұранысқа ие.

Мамандардың сөзінше келушілердің басым бөлігі зейнеткерлер.

ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Жас емеспін сол себепті ауырып қалудан қорқамын. Оның үстіне туған-туысқандарым да аман болады. Жаңа ғана екпе салдырттым. Қазір жағдайым жақсы.

Бүгінгі күні облыс тұрғындары Отандық екпемен қатар Ресейлік және БАӘ-нің вакцинасын салдыртуда. 153 ТҰРҒЫН хаятвакс екпесін алды.

Майгүл Сейілбек

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 маусым 2021
СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ- ВАКЦИНАЦИЯ
13:04, 9 маусым 2021
КОРОНАВИРУСТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ- ВАКЦИНАЦИЯ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...