ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ

17:18, 22 қараша 2021

Солтүстікқазақстандықтар коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдыра бастады. Өңірдің барлық аудандары мен Петропавл қаласында аталған вакцинамен егу науқаны жүруде. Бүгінде №2 қалалық емханада арнайы санаттағы қанша адам Phizer препаратын салдырған? Келесі сюжетке назар аударайық. 

СҚО-ға Phizer вакцинасының 33 мың данасы жеткізілген болатын. Бүгінгі таңда аталған вакцина өңірлік емханаларға жеткізіліп, кең қолданысқа ие болуда. Қала тұрғыны Жанна Мусаипова жас ана.  Алғашқылардың бірі болып вирусқа қарсы екпе салдырған ол вакцинаны сәбиімнің қауіпсіздігі үшін алдым дейді.

ЖАННА МУСАИПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- «Әрине, вакцина алу қажет. Ата-анамыз да ауырып, бүгінде емделді. Менің күйеуім дәрігер және біз вакцинацияны сөзсіз қолдаймыз. Емізетін анамын, 5 айлық кішкентай балам бар. Сондықтан, қазір өзім екпе алмақшымын, ешқандай қорқыныш сезімі жоқ. Және бәріне вакцинациялауға кеңес беремін.»

Бүгінгі күні вирусқа қарсы вакцинаны әйелдің өзі ғана емес, үлкен ұлы да алмақ. Мадияр 12 жаста. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы сыныптастарының арасында алғашқы болып екпе салдыртты.  

Мадияр Мусаипов, НЗМ ОҚУШЫСЫ:

- «Мен бұл вакцинаны күттім. Және менде ешқандай қорқыныш сезімі жоқ. Біздің сыныптан бүгін досым екеуміз алғашқылардың бірі болып вакцинаны алмақшымыз.»

Ал Анастасия Швец бүгін 16 жастағы қызына вакцина салдыруға ұйғарған. Өйткені, жасөспірім қант диабетімен ауырады. Оның үстіне қызында Даун синдромы да бар. Қызым колледж студенті болғандықтан үнемі байланыста болады, сондықтан, міндетті түрде вакцина салу керек деген шешімге келдім, - дейді әйел. Анастасияның да сәбиі бар. Кіші баласы 1,5 жаста. Айтуынша,  коронавирусқа қарсы вакцинаны Қазақстанға алғаш алып келгенде-ақ салдырғысы келген, бірақ ол кезде бала емізетін әйелдерге рұқсат берілмепті.  

АНАСТАСИЯ ШВЕЦ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- «Күйеуім сәуір айында алғашқылардың қатарында егілді. Өз басым емізулі әйелдерге вакцинаның келетінін күттім. Мен үлкен қызым үшін де қауіпті тасымалдаушы болғандықтан, барынша сақтану керек екенін түсінудемін. Қызым колледжде оқиды, онда көп байланыс бар. Яғни, ауруды жұқтырады деген үлкен қауіп бар. Ал вакцина салдырса, ауру жеңіл түрде өтеді.»

Бүгінгі күні №2 қалалық емханада бала емізетін 11 ана, 1 жүкті әйел және 42 жасөспірім коронавирусқа қарсы АҚШ-тың Phizer вакцинасын салдырған. Аталған вакцина да басқа препараттар секілді екі кезеңмен егіліп, екінші дозасын 21-28 күн аралығында алу қажет.

БЕГАЙЫМ МЕЙМАНОВА, №2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М. А.:

- «Файзермен біз 16-дан 37 аптаға дейін жүкті әйелдерді, 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді және босанғаннан кейін 42 күн өткен бала емізетін аналарды вакцинациялаймыз. Бүгінгі таңда бізде осындай мерзімі 16-дан 37 аптаға дейін 164 жүкті әйел бар. Оның 41-і егілген. Яғни, олар жүктілікке дейін егілді. Сондай-ақ, біз бүгінде мектептерге барып, ата-аналар жиналысын өткіземіз, ата-аналармен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз.»

Айта кетсек, бұдан бөлек тұрғындар 2-ші емханада Спутник-V, QazVac және Veracell вакциналарын салдыра алады. Мамандардың сөзінше, күн сайын ауруханада 70-тен 110 адамға дейін егілуде. Жалпы, облыс бойынша Phizer вакцинасымен барлығы 100-ден астам бала емізетін ана және 350 жасөспірім,9 жүкті әйел егілген.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
17:19, 24 қаңтар 2022
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
17:16, 24 қаңтар 2022
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
17:15, 24 қаңтар 2022
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...