ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

20:35, 17 қаңтар 2022

Коронавирустың таралуына  байланысты облыс қызыл аймаққа көшті. Соңғы тәулікте елімізде ауру жұқтырғандардың саны  11,5 мыңға жетіп отыр. Қауіпті инфекцияның таралуына азайту мақсатында өңірде ревакцинациялау шаралары жүргізіліп жатыр.әріптесім тарқатсын.

 Қайта вакциналау науқаны өткен жылдың қараша айында басталды.Алғашқылардың бірі болып үшінші рет екпені полиция және медецина қызметкерлері  алды. Өйткені, олардың вирусты жұқтыру қауіпі жоғары. Бүгінде мәдениет саласының қызметкерлері де ревакцинациядан өтіп жатыр.

ДОСБОЛ ӘБДІРИІСОВ, СҚО МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Біздің қызметіміз халықпен тығыз байланысты.Жұмысымыз жүйелі қалыпқа түсу үшін ревакцинациядан өту маңызды екенін түсініп отырмыз. Біріншіден өзімізді, жақындарымызды,көрермендерімізді қауіпті індеттен сақтауымыз керек. Ревакцинация шараларын барынша қолдаймыз.

Қазақстанда  КВИ-дің ОМИКРОН штамын жұқтырғандар анықталды. Оны жұқтырудың қауіпі бес есе жоғары. Дәріглердің айтуы бойынша вирустан вакцина алу арқылы ғана қорғануға болады.

 ҒАЛИЯ СЫЗДЫҚОВА, № 1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Ревакцинация АРҚЫЛЫ ағзамызда антиденЕЛЕР ПАЙДА БОЛАДЫ.  Осылайша оның қауіпті дертке қарсы тұруы артады. Вакцинаның үшінші компонентін екпе алғаннан кейін жарты жылдан соң қоюға болады.   

Ревакцинацияға келген қала тұрғындарының ең алдымен  дене қызуы,қан қысымы тексеріліп , жағдай қалыпты болса ғана екпе қойылады.  САМРАТ ҚҰСКЕНОВ, СҚО ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ:

- Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Vero Cell екпесін алдым. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Індетке шалдықпау мақсатында сақтанып жүрміз.

Петропавлдағы емханаларда екпе пункттері жұмыс күндері таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін.Ал демалыс күндері таңғы тоғыздан кешкі беске дейін жұмыс істейді.

Алмагүл Тастанова

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:15, 17 маусым 2022
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...