ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

СЕКСЕННЕН АСҚАН ЗЕЙНЕТКЕР ВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ

17:18, 2 желтоқсан 2021

Covid-19 вирусына қарсы екпе алған қарттардың саны артып келеді. Петропавл тұрғыны 83 жастағы Вера Козлова да солардың қатарында. Кейуана жақындарының және өзінің ден саулығы үшін вакцинациялаудың толық курсынан өтті.

Вера Козлова да бастапқыда коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға жүрексінген. Алайда жақын құрбысы қатты ауырып, айықпай көз жұмғаннан кейін пікірін өзгертеді. Вера Ивановна өз денсаулығына және жақындарының қауіпсіздігіне аландап қазанның 27-і 2-ші қалалық емханаға барып, Спутник-ВИ вакцинасының 1-ші компонентін алды. Ал, қарашаның 17-і толық курстан өтті.

ВЕРА КОЗЛОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

  • Жалпы өзім жыл сайын тұмауға қарсы екпе алатынмын. Сыртқа аса шыға қоймаймын. Көбіне дүкенге, дәріханаға барып келем. Алайда үйіме достарым, туған-туысқандарым халімді біліп жиі келіп тұрады. Сол себепті, екпе алуды шештім. Вакцинациядан кейін мазам кеткен жоқ. Аздап ұйқым келгені болмаса. Осы ретте барлық замандастарыма мүмкіндік бар болса ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік, екпе алып жастарға үлгі болайық деп айтқым келеді.

Зейнеткер 40 жыл медицина саласында еңбектенген. Соның 30-ын темір жолшылар емханасында акушер болып жұмыс істеді. Балалары Ресейде тұрады. Күйеуі осыдан бірнеше жыл бұрын бақилық болған. Жалғызілікті қария үйінде кітап оқып, теледидар көреді. Мұнымен қоса, Вера Ивановна 4 жылдан бері кестелеп тігумен шұғылданады.

ВЕРА КОЗЛОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

  • Әрине, кестелеп тігуім көңіл-күйіме тікелей байланысты. Кей кездері түңгі 4-ке дейін отырамын. Дәл қазір арыстанның суретін кестелеп жатырмын. Туындыларымды жақындарыма не достарыма сыйға тарту етемін. Кейде осындай бір суреткен 2-3 ай уақытым кетеді.

Жалпы, бүгінгі күні дертке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 261 мың 794 солтүстікқазақстандық алса, 244 мың 980-і толық курстан өткен.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
17:19, 24 қаңтар 2022
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 178 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
17:16, 24 қаңтар 2022
ДДСҰ: ЕУРОПАДАҒЫ КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
17:15, 24 қаңтар 2022
"ЖАСЫЛ АЙМАҚТА" БІРДЕ-БІР ӨҢІР ҚАЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...