ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

20:41, 9 маусым 2021

Облыста бүгінгі күні КВИ жұқтырғандар саны 14 929 адам. Өткен тәулікте жаңа 11 жағдайы тіркелді. Көсерткіштер күн санап жақсарып келеді. Бұның бәрі -  вакцинациялаудың нәтижесі,-дейді мамандар. Вакцина салғызу азаматтарға қандай жеңілдіктер береді? Тілші материалында.

Көпшілікті әбігерге салған індеттің беті қайтпай тұрғанына міне, бір жылдан асты.  Осы аралықта бүкіл әлемде адамдардың өмірі түбегейлі өзгерді десек, артық болмас. Дегенмен, індетке қарсы вакцина жасалып, бүгінде ауруға шалдыққандардың қатары азайып келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда вакцинаның 3 түрі бар.

МЕРУЕРТ АТАМБАЕВА,  СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - Егер қыс айларында  біз тәулігіне КВИ-дің 100-ден астам жағдайын тіркесек, бірақ қазір бұл көрсеткіш 20 жағдайдан аспайды, бұл  вакцинацияның эпидемиологиялық жағдайға оң әсер етіп жатқанын бәріміз байқаймыз. Облыста 3 өндірушінің вакциналары жеткілікті, вакцинациядан кейін ауыр реакциялар байқалып жатқан жоқ, сондықтан біз тұрғындарды вакцинациядан өтуге, денсаулығымызды қорғауға шақырамыз, өйткені ұжымдық иммунитетке қол жеткізген кезде ғана біз карантиндік шаралар туралы ұмытып, бұрынғы өмірімізге орала аламыз.

Облыс бойынша КВИ-на қарсы вакцинаның екі компонетін алғандар саны 43 206 адам. Бұл азаматтар енді республика шекарасын ПТР тестсіз кесіп өте алады. Сонымен қатар, оларға медициналық-әлеуметтік нысандарға баруға рұқсат етіледі.

МЕРУЕРТ АТАМБАЕВА,  СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- КВИ расталған жағдайлармен байланыста болғандар оқшауланбайды, бірақ медициналық бақылау қамтамасыз етіледі. Кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыспайды. Сондай-ақ, ПТР тестілеу, вахтаға келген қызметкерлерге, пациенттерге медициналық-әлеуметтік мекемелерге ресімдеу кезінде, демалыстан, іссапардан кейін, ауруына байланысты жұмыс орнында болмаған медицина қызметкерлеріне, медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледж студенттеріне тәжірибе басталар алдында. Мерзімді әскери қызметке шақырылған, мерзімді әскери қызметтен кейін әскерден босатылған адамдарға, жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу кезінде емделушілерге қажет емес.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азаматтарды екпе алуға шақырады. Вакцинаны қала емханаларында және арнайы жылжымалы екпе пунктерінде алуға болады.

Индира Ахатқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ- ВАКЦИНАЦИЯ
13:04, 9 маусым 2021
КОРОНАВИРУСТЫ ЖЕҢУДІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ- ВАКЦИНАЦИЯ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
20:40, 8 маусым 2021
ОБЛЫСТА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...