ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ АЗАЙҒАН

17:35, 8 қазан 2021

Мамандардың сөзінше соңғы 10 жыл ішінде облыста өкпе ауруына шалдыққан тұрғындардың саны азайып келеді. 2020-шы жылы қауіпті дертті жұқтырған 219 адам тіркелсе биыл бұл көрсеткіш 200-ге де жетпейді. сырқаттану деңгейі 30 пайызға төмендеген.

2019 жылдың наурыз айынан бастап өңірде безгекке, АИТВ-ға, туберкулезге қарсы күрес жүргізетін «Сенім Солтүстік» үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Оған Жаһандық қордан 15 млн теңге көлемінде грант бөлінеді. Бұл қаржыға мамандар әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен, тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалармен, өкпе ауруын жұқтырып есепте тұрған азаматтармен және олардың туған-туысқандаырмен кездесіп, психологиялық және қаржылық тұрғыдан көмек көрсетеді. 

МӘЛІК ӘДЕНОВ, ҚР ДСМ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Үкіметтік емес ұйымдар жұмыскерлер арқылы әл-ауқаты төмен азаматтардың арасынан сөйлесіп, сол жерге барып, насихаттап, туберкулездің қандай түрлері бар екенін түсіндіріп, аурудың бірінші белгілері пайда болған кезде қайда және кімге жүгіну керектігін түсіндіреді.

Жалпы, мамандардың сөзінше соңғы 10 жыл ішінде елімізде сонымен қатар өңірімізде өкпе ауруына шалдыққандардың  саны азаюда. Мәселен, 2020-шы жылы 219, биыл болса 120 адам соның ішінде 8 бала есепке алынған. Қазіргі таңда, 240 тұрғын амбулаторлық ем қабылдауда және 79 солтүстікқазақстандық Ғабит Мүсірепов ауданындағы туберкулезге қарсы бөлімшеде емделІП ЖАТЫР. Өкінішке орай биыл 11 жерлесіміз дерттен айықпай көз жұмған.  

РАИСА ҚҰСАЙЫНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

  •  Солтүстік Қазақстан облысында туберкулезді интеграцияланған бақылау стратегиясы жүзеге асырылады. Оның аясында туберкулез микробактерияларын бөлмейтін және өзге жандарға қауіп төндірмейтін пациенттер тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан емханада амбулаторлық ем алады. Осы ретте жыл басынан Петропавлда 4 емдеу мекемесінде туберкулезге қарсы кабинеттер ашылды.  

Сонымен қатар өкпе ауруымен сырқаттанғандарға ай сайын 17мың 502 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.Осылайша жыл басынан 363 адамға 20 млн теңгеге жуық қаржы берілді.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 140 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:15, 25 қазан 2021
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 140 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІР ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ВАКЦИНА АЛУҒА ШАҚЫРДЫ
13:01, 25 қазан 2021
ӨҢІР ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ВАКЦИНА АЛУҒА ШАҚЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...