ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРҒА ВАКЦИНА САЛЫНЫП ЖАТЫР

17:15, 5 сәуір 2021

Облыс бойынша медицина саласының қызметкерлеріне, педагогтар мен құқық қорғау органдарының мамандарына жалпы алғанда 6391 адамға коронавирусқа қарсы  екпе салынды. Вакцинаның екінші компонентін 2122 адам алып үлгерді. Сондай-ақ, сәуірден бастап тұрғындарға да екпе егу жұмыстары басталды. Бүгінде 408 азамат вакцинациядан өтті.

Қалалық №1 емхана дәрігерлерінің айтуынша 16 сәуірге дейін облысқа Ресейден «Спутник V» вакцинасының 18 мың дозасы жеткізілмек. Тиісінше қалада - 4, Жамбыл ауданында – 2 ал қалған аудандарда бір-бірден екпе егу пункттері жұмыс істеп жатыр.

ЛИДИЯ СОКОЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ №1 ЕМХАНАНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

- Вакцина сізді індеттен құтқарады немесе екпе алған соң вирус жұқтырмайсыз деп ешкім кепілдік бере алмайды. Бірақ, бір анағы сіз қауіпті инфекцияны жұқтырған күннің өзінде аауру жеңіл өтпек. Сондықтан тұрғындарды екпе алуға ашықармыз. Вакцина тегін қойылады.

Айта кету керек, вацинаның бірінші компоненті салғаннан кейін 21 күн өткеннен соң екіншісі егіледі. Дәрігерлердің айтуынша бірінше кезекте созылмалы аурлары, жүрек қан тамыр жүйесінде сырқаты бар азаматтар екпе қабылдаулары керек. Өйткені каронавирус аталған ауруларды қоздырып жібереді.

 

Тақырып бойынша материалдар

МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ 900 ТҰРҒЫНЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ
17:22, 15 сәуір 2021
МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ 900 ТҰРҒЫНЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ КАРДИООРТАЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ 70% ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ
17:20, 15 сәуір 2021
ОБЛЫСТЫҚ КАРДИООРТАЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ 70% ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...