ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ЕКПЕ АЛДЫ

13:03, 30 сәуір 2021

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінің оқытушылары мен студенттері коронавирусқа қарсы вакцина алды. Қауіпті инфекциядан өзін ғана емес, айналасындағыларды да қорғау үшін екпе алуға 78 адам келді. Жоғары оқу орнының медициналық пунктінде жақын күндері қала тұрғындары да вакцинациядан өте алады.

Қазіргі таңда Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінде 7 мың 500 ден астам студент білім аладды. 450-ден астам ұстаз еңбек етеді. Олар жақын күндері кезекпен вакцинациядан өтеді деп жоспарланған. Бүгінгі күні соның 78-і екпе алуға келді.

САЛТАНАТ САҚТАҒАНОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ЕМДЕУ ПУНКТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Екпе қоймай тұрып емдеу пунктінің мамандары оқытушылар мен студенттер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Яғни дәрігерлер вакцина алудың пайдасын түсіндірді. Әрине, ең алдымен біз қауіпті дертке қарсы өз ағзамызды дайындаймыз. Мұнымен қоса, жақындарымызды да қорғаймыз, денсаулықтарына қауіп төндірмейміз.

Ирина Олькова шет тілдері кафедрасының меңгерушісі. Университетте жұмыс істеп жүргеніне 20 жылдан асқан. Бір жылдан бері дәрістер қашықтан өтіп жүр. Бірақ, соған қарамастан коронавирусқа қарсы екпе алу бұл әрқайсымыздың борышымыз дейді ұстаз.

ИРИНА ОЛЬКОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ШЕТ ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Екпе салдырпай тұрып вакцинациядан өткен таныстарымнан әсері қандай болғанын сұрап білдім. Бірінде дене қызуы көтеріліп, енді бірі өзін әлсіз сезінген. Менің ойымша бұл симптомдар қорқынышты емес, Ең бастысы қауіпті дертті жұқтырмаймын деген сенімде болу қажет.

78 адамның 10-ы студент, қалғандары университет қызметкерлері. Ұстаздар қауымымен қоса университет ректоры Ерлан Шуланов та екпе алды, ол қазақстандық казвак екпесін салдыртты.

ЕРЛАН ШУЛАНОВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ, РЕКТОР:

- Мен отандық дәрігерлеріміз бен ғалымдарымызға сенім артамын, біздің вакцина көптеген аналогтардан кем емес, тіпті артық екеніне күмәнім жоқ. Мен баршаңызды отандық вакцинаны қабылдауға шақырамын. Өз еркімен екпе саламын дегендердің қатары артады деген үміттемін. Сондай-ақ, жақында оқытушылар құрамы да, студенттер де толықтай вакцинациялаудан өтеді.

Жақын уақытта университеттің емдеу пунктіне жақын аудандарда тұратын тұрғындар да келіп екпе салдырта алады.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА 3 ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
17:22, 11 мамыр 2021
ПЕТРОПАВЛДА 3 ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
 3 ЖЫЛЖЫМАЛЫ КЕШЕНДЕ ЕКПЕ САЛДЫРТУҒА  БОЛАДЫ
20:41, 5 мамыр 2021
3 ЖЫЛЖЫМАЛЫ КЕШЕНДЕ ЕКПЕ САЛДЫРТУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...