ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСПАҒАНША ВИРУСТЫ ЖЕҢУ МҮМКІН ЕМЕС

13:01, 19 қаңтар 2022

Облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өңірдегі эпидемиологиялық жағдай мен вакцинация мәселелеріне арналды. СҚО коронавирустың таралуынан үш күннің ішінде «жасылдан» «қызыл» аймаққа кірді. Ауырғандар саны артып келеді. Қауіпті инфекцияның таралуына тосқауыл қою, вакцинация қарқынын арттыру мәселелері жиында сөз болды. 

Коронавирус инфекциясының таралуы облыста ғана емес, республикада да күрт артқан. 15 қаңтар күні елімізде бұрын соңды болмаған антирекорд, инфекция жұқтырудың  13 523 жағдайы тіркелді.  Өңірде бұған дейін жаңа науқастардың саны  күн сайын  25-30  болса,  қазір бұл көрсеткіш 100-130-ға дейін жетті. 

Әсет Жұматаев, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бұл - пандемияның жаңа толқыны келгендігін білдіреді. Оның басты себебі омикрон штаммының тез таралуы. 5 есе жұқпалы болғандықтан, аса қауіпті. Коронавирусты барлық жастағы адам жұқтырады. Алайда, 60 жастан асқандар үшін ол аса қауіпті.  Науқастардың  92 % вакцина алмаған азаматтар. Бұл кезекті рет екпе алудың маңыздылығын  дәлелдейді.

Маусымдық жіті респираторлық вирустық инфекциясының таралуы да эпидемиололгиялық жағдайды ушықтырып жатыр. Биыл тұмау жұқтырғандардың саны  34 процентке көп.  16 қаңтардан облыста шектеу шаралы күшейтілді. Санитар дәрігерлер қоғамдық іс-шаралардың, отбасылық жиындардың  өткізілуін уақытша тоқтатуды сұрайды. 

Әсет Жұматаев, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Жаназаны 30 адамнан асырмай, әрі Ашық жүйесіне қатысатын нысандарда ұйымдастыруға кеңес береміз. Мекеме басшыларына әкімшілік бөлімдердің 70 процент мамандарын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруды ұсынамыз.    Денсаулық басқармасына фильтрлердің жұмысын күшейту, білім беру нысандарында санитариялық талаптардың орындалуын қадағалауды сұраймын.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Аймановтың айтуынша, қазір  1082 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр. Оның 861 амбулаторлық қалған 221 –зі жұқпалы аурулар бөлімшелерінде.  Жасанды тыныс алу аппараттарына 11 науқас қосылған. 

НҰРЛАН АЙМАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ М.А.:

- Амбулаторлы науқастардың артуына байланысты мобильді бригалардың саны да 54 тен 88 ге дейін артылды. Тағы 30 бригаданы шығаруға әзірміз.  Оның үстіне әр қайсысына түскен жүк те ауырлады. Бұған дейін күніне 2-3 пациенттен болса, қазір  10-12 ге дейін жетті.

Жүкті әйелдер арасында да коронавирус жұқтырғандардың саны көбейді.  11 қаңтардан 22 жаңа жағдай тіркелген. Қазір COVID19 бен ауыратын 135 бала дәрігерлердің қарауында.   Пандемия бүгінге дейін  456 жерлесіміздің өмірін қиды. Мамандар олардың 90 проценті вакцина алмағандар дейді. Өлім-жітім дельта штамының таралуына қарай көбейген. Қазір одан бес есе  қауіпті омикронның пайда болуына байланысты, дәрігерлер вакцина алуға кеңес береді.     

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  :

- Коронавирус инфекциясының таралуын азайту үшін стационарлардағы орындардың санын арттыруды тапсырамын.  Кард қорын дайындап, дәрі-дәрмектердің жеткіліктілігін қамтамасыз ету. Қалалық және аудандық әкімдіктерге, амбулаторлық жүйеге түскен жүктің ауырлығына байланысты, қосымша автокөлікпен қамтуды қарастыруды тапсырамын.

Облыс әкімінің айтуынша, КВИ-мен күреске қаражат пен кадрлар жеткілікті тартылғанымен, вирустан қорғану үшін бұл аз. Қазіргі міндет – ұжымдық иммунитет қалыптастыру, ол үшін тұрғындар вакцина салдырулары тиіс.  Осы орайда облыс әкімі жауапты ұйымдарға халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.  

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:15, 17 маусым 2022
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...