ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛДЫ

17:20, 3 қараша 2021

Облыста коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыпасуы үшін әлі де 120 мың адам вакцина алуы қажет. Екпе алмағандардың басым көпшілігі – жасы алпыстан асқан егде жастағылар. Мамандардың айтуынша, созылмалы ауруы барларға да вакцина алуға болады. Қатер тобында тұрғандар екпе салғызу арқылы қауіпті инфекциядан қорғана алады.

Пётр Воронов жұбайы Зинаида Иосифовнамен бірге Петропавл жылу электр орталығында 40 жылдан аса уақыт еңбектенген. Қазіргі танда бейнеттің зейнетін көріп отырған ерлі-зайыпты 3-ші қалалық емханаға келіп коронавирусқа қарсы спутник ви вакцинасын салдыртты. Жасы 70-тен асқан Пётр Иванович денсаулығын сақтау үшін күнделікті спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанады. Жастарды да саламатты өмір салтын ұстануға шақырады.

ПЁТР ВОРОНОВ, ЗЕЙНЕТКЕР:

  • Теледидарды күнде көреміз. Өкінішке орай ауырып жатқандардың саны өте көп. Сол себепті, өзіміздің және бала-шағамыздың саулығы мен қауіпсіздігі үшін екпе алуға келдік. Өзім және жұбайым, қасымызда замандастарымыз да бар. Терапевтке кірдім, дене қызуымды, қан қысымымды өлшеді. Бәрі жақсы. Шағымдарым жоқ.

Бүгінгі таңда 3-ші қалалық емхананың мамандары 25 мыңнан аса тұрғынға коронавирусқа қарсы екпе салып үлгерді. Мамандардың сөзінше көбіне вакцинациялау науқанына еңбек ұжымдары және жастар белсенді қатысады.  

ӘЛИЯ ТӘШЕТОВА, № 3-ШІ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

  • Бүгінгі күні біздің емханаға ТЭЦ-2 ның ардагерлері келіп, вакцина алып жатыр. Ол қалалық ардагерлер қоғамының көмектесуінің арқасында. Ол кісілерге көп рахмет. Өршіп тұрған аурудың алдын алу үшін зейнеткерлердің екпе алғаны қажет. Бұл жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі таңда облыста вакцинациялау қарқыны төмендеді дейді мамандар. Алғашында  емханаларға күніне 4 мыңға  жуық адам барып, екпе алса, қазір олардың саны 500-ге дейін түсіп кеткен. Дертке қарсы екпе алмағандардың көбі 60 жастан асқан азаматтар. Жалпы, бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентімен 252 мың 282 адам егілсе, екінші компанентін – 235 мың 50 солтүстікқазақстандық алды. Жоспар бойынша өңірде жыл соңына дейін 370 мың адам курстан өтуі тиіс.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
17:18, 27 қаңтар 2022
МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТТІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 407 АДАМ КВИ ЖҰҚТЫРДЫ
13:01, 27 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 407 АДАМ КВИ ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА  318  АДАМДА КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 26 қаңтар 2022
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 318 АДАМДА КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...