ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ЖАҢА ҚАУЛЫ

20:34, 4 тамыз 2021

Өткен тәулікте облыста 141 адам қауіпті инфекцияны жұқтырды. облыс 12 шілдеден «қызыл аймақта». Өткен аптаға қарағанда сырқаттар саны 1,2 есе артқан. Осыған орай тамыздың төртінен бастап бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енбек. Оған сәйкес шектеу шаралары күшейтілді.

Өткен тәулікте облыста 141 адам қауіпті инфекцияны жұқтырды. Олардың басым бөлігі облыс орталығының тұрғыны.  Айта өту керек өңір әлі «қызыл аймақта». Індетке шалыдққандар саны соңғы аптада едәуір артқан.

ТАТЬЯНА ГОРЛОВА, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- Статистикаға қарасақ кері динамиканы аңғарамыз. Сондықтан сенбі-жексенбі күндері сауда орталықтары мен сауда үйлері (оның ішіндегі азық-түлік сататын нысандар мен дәріханаларды есептемегенде), жабық азық-түліктік емес базарлар, сауна, СПА орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары, фитнес орталықтар жұмыс істемейді. «Аshyq» қосымшасы бар сауда орындары сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін, базарлар сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, спорт нысандары адам санын 30-дан асырмай, ал толық вакцинацияланған адамдар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес орталықтары шектеусіз жұмыс істейді. «Аshyq» қосымшасын енгізбеген мәдениет нысандарының, театрлардың, кинотеатрлар мен концерт залдарының, филармонияның жұмысы тоқтатылады, жобаға қосылғандар толымдылықты 30 %-дан асырмаулары қажет.Ал байссейндер, спорттық сауықтыру орталықтары мен финтес залдар коронавирустың екі компонентін алған тұрғындарды ешқандай шектеусіз қабылдауларына рұқсат етіледі.

Аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда орындарының жұмыс кестесі сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін. Медициналық орталықтар, стоматология кабинеттеріне алдын ала жазылу керек. «Ashyq» бағдарламасы енгізілмеген нысандарда  көрерменнің қатысуымен өтетін спорттық шараларға қатаң түрде тыйым салынады.

ТАТЬЯНА ГОРЛОВА:

- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тек кезекші топтардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Қоғамдық тамақтану орындарының, жазғы алаңдардың жұмыс уақыты шектелген, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және толымдылықты 50 %-дан және 30 орыннан асырмай, ал «аshyq» қосымшасына қосылғандар орын санын 50-ден асырмай сағат 2.00-ге дейін жұмыс істемек. Асханалардың жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 24.00-ге дейін шектелді, «аshyq» жобасына қосылған жағдайда тәулік бойы жұмыс істей алады. Түрлі мекеме қызметкерлерінің 80 % қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады. Ал, сұлулық салондары мен шашатаразға алдын ала жазылу керек.

Облыста бүгінде 199 458 адам коронавирусқа қарсы ванцинаның бірінші компонентін алған. 153 984 адамға екінші компоненті егілген. Облыс бойынша 100-ден астам екпе егу пункті жұмыс ітеп тұр.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 71 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:01, 24 қыркүйек 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 71 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 79 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
17:18, 23 қыркүйек 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 79 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 52 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
13:03, 22 қыркүйек 2021
ОБЛЫСТА КВИ ЖҰҚТЫРҒАН 52 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...