ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

«102» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ҚОЛДАНУДА ЫҢҒАЙЛЫ

17:22, 3 қараша 2021

Облыс полицейлері "102" мобильді қосымшасы іске қосылған сәттен бастап 500-ден астам өтінішті қабылдады. Хабарламалардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына қатысты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.

- Иә, полиция!

 "102" мобильдік қосымшасы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен осы жылдың 1 ақпанында іске қосылды. Сервис «Азаматтардың хабарламаларын қабылдау үдерісінің бірізділігі» жобасының бір бөлігі болып табылады.

ЖҰЛДЫЗ СЕМБИНА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ "102" ОПЕРАТОРЫ:

- Өтпе жолды қоршады, балабақшалар жанында – дұрыс тұрақтамады, үй аулаларына кіртін жолды жапты деген шағымдармен  хабарламалар келіп түседі. Автопатрульді оқиға орнына жіберіп, дереу жауап береміз...

Видео, аудио, мәтіндік хабарламалар. Қосымша арқылы полицияның кезекші бөліміне кез келген ыңғайлы тәсілмен жүгінуге болады. Қажетті шарт - өтініш жіберілген кезде құрылғыда геолокация қосылуы керек. Бұл құқық қорғау органдарының күзетшілеріне қоңырауды өңдеу барысында оқиға орнын аңықтауға көмектеседі.

БОЛАТ НҰРЖАҚЫПОВ, Петропавл қ. ПБ жедел басқару орталығының күштер мен құралдарды басқару тобы кезекшісінің аға инспекторы:

- Ауыр қылмыс туралы хабарлама келіп түскен кезде, мысалы, оны әлі іздер арқылы аңықтауға болатын кезде – біз бірнеше автопатруль жібереміз. Қылмыс орнынан шығу жолдарын бұғаттаймыз. Барлық тәсілді қолданамыз. Сондай-ақ, тергеу бейнебақылау камералары қолданылады. 

Петропавл қаласының полиция басқармасында "102"операторының он орталығы жұмыс істейді. Өңірдегі 13 ауданның әрқайсысында екі жұмыс орны ашылған. Омниканалды байланыс арқылы өтініштерді қабылдау тәулік бойы жүргізіледі. Сервис іске қосылған сәттен бастап біздің облыстың тәртіп сақшыларына 510 хабарлама келіп түсті: 274 мәтіндік, 170 видео және 60 аудио хабарлама.  Жалпы хабарламаның 289-ы-облыс орталығында болған оқиғаға қатысты. Орта есеппен алғанда, бір күнде қалалық полицияға 2-3 өтініш түседі. Қосымшаның ыңғайлы функциясы- сіз шақырған полиция қызметкерінің  орналасқан жерін бақылай аласыз, сонымен қатар пайдаланушының кез-келген өтініші ресми тіркеліп, жауапсыз қалмайды. "102" қызметін App Store және Google Play мобильді қосымшалары арқылы  тегін жүктеп алуға болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР
20:40, 26 қаңтар 2022
ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАРДЫ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕР ӘЙЕЛДЕРДІ ТОНАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
17:21, 25 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТКЕР ӘЙЕЛДЕРДІ ТОНАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...