ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

14 ЖАСӨСПІРІМ ПОЛИЦИЯ ЕСЕБІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

20:45, 19 сәуір 2021

«Түнгі қаладағы балалар»  жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды. 5 күнге созылған операцияның нәтижесінде полиция есебіне 14 жасөспірім қойылды. Шараға 400-ден астам полиция және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Ювеналды полицейлер ойын-сауық орындары, саябақтар, тұйық көшелер мен аулаларды назардан тыс қалдырмайды. Аталған орындардың барлығында да түнгі уақытта  кәмелеттік жасқа толмаған балалар жүруі мүмкін. Жастар арасында құқық бұзушылықты болдырмау үшін бұл жерлер қатаң бақылауға алынған. «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасының негізгі мақсаты да осы. 

САЙРАН СӘРКЕНОВ, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Аталған іс-шараға жастар бастамалары бөлімі, Nur Otan партиясы, білім беру бөлімі, денсаулық сақтау бөлімі және басқалар қатысып жатыр. Жедел алдын алу іс-шарасының екі күні ішінде кәмелетке толмағандар болған бір ойын-сауық орны анықталды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу фактілері тіркелді. Ата-аналарға қатысты құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.

Жұмадан сенбіге қараған түні екі сағат ішінде рейдтік топ төрт дәмхананы тексерді. Орталық көшелер, «Сокол», «Уют» сауда үйлерінің маңындағы аулалар тексерілді. Жасөспірімдер тарапынан өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ. Жалпы, Петропавлда «Түнгі қаладағы балалар» шарасының барысында 36 әкімшілік хаттама толтырылды, оның 27 - і түнгі уақытта балалардың заңды өкілсіз жүруіне қатысты. Сондай-ақ, 111 қолайсыз отбасы тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

ЕЛЕНА ЗАВЬЯЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ХАТШЫСЫ:

- Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың үйлестіруші рөлін орындайды. Біздің негізгі міндетіміз-тұрмысы төмен отбасыларды, девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді анықтау. Жалпы, кәмелетке толмаған балалармен байланысты жағымсыз жайттарды анықтау және болдырмау.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпараты бойынша, облыс бойынша бес жедел алдын алу шарасының асяында полицияға 230 кәмелетке толмаған бала жеткізілді. 301 құқық бұзушы анықталды, оның ішінде 198 – жасөспірім түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын-сауық орындарында болған. Профилактикалық есепке 14 бала және 42 тұрмысы төмен отбасы қойылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
20:44, 17 мамыр 2021
ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА БАСТАУ АЛДЫ
13:04, 14 мамыр 2021
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...