ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

23 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ КҮНІ

20:44, 21 маусым 2022

 23 маусым күні өңірдің тәртіп сақшылары Қазақстан полициясының 30 жылдығын атап өтеді. Солтүстік Қазақстан облысының ең ірі полиция бөлінісі – Петропавл қаласының полиция басқармасында Қазақстан полициясының құрдасы Ксения Ищенко қызмет етеді. Кәсіби мереке қарсаңында полицей ару қызметтің ерекшеліктері жайлы айтты.

Жергілікті полиция қызметі бөліміндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы – Ксения Ищенконың қазіргі лауазымы осындай. Жұмыс ауқымы өте кең. 100-ден астам полиция қызметкерінің жұмысын бақылау және ұйымдастыру оңай шаруа емес, өте жауапты. Бұрын сотталған адамдар, бұзақылар, маскүнемдер, нашақорлар, сондай-ақ аңшы қаруының иелері – учаскелік полиция инспекторлары күн сайын әр түрлі адамдармен жұмыс жүргізеді. Заң аясында әрекет ете отырып, барлығының тілін тауып, сыпайы болу керек. Ксения Ищенко туралы басшылық пен әріптестері оң пікірде. Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетовтың айтуынша, учаскелік полиция инспекторларының жеке құрамында 101 қызметкер бар.

СЕЙІЛБЕК ЕЛЖАСОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өзінің қызметіне адал, тиянақты жасайды. Қызметте, ең бастысы, заңға жүгініп атқарады. Қызметте әрқашан алда. Көбіне қағаздармен, ұжымдармен, мекемелермен жұмыс істейді.

 Ксенияның айтуынша, оның туыстарының ешқайсысы ішкі істер органдарында жұмыс істемеген. Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын аяқтаған соң ол бастапқыда криминалдық полиция бөлімінде қызмет еткен.

КСЕНИЯ ИЩЕНКО, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЖПҚБ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Учаскелік полиция инспекторларының негізгі міндеті – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Ерлер арасында жұмыс істеп жүрмін. Барлық қызметкерлер – өз ісіне жауапты, білікті мамандар.

Бос уақытын полицей отбасымен және жақындарымен бірге өткізгенді ұнатады. Хоббиі – классикалық әдебиетті оқу. Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Ксения Ищенко ішкі істер органдарының ардагерлерін, әріптестері мен олардың отбасы мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, барлық жерлестеріне тыныштық, амандық және ашық аспан тілейді. Жалпы, СҚО полициясында Қазақстан полициясының 86 құрдасы қызмет етеді.

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:32, 24 маусым 2022
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...