ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

25,5 КГ ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН АЛЫНДЫ

17:21, 7 сәуір 2021

Үш айдың ішінде солтүстікқазақстандық полицейлер бір килограмнан астам синтетикалық есірткі тәркіледі. СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.

  • Обнаружено вещество рассыпчатое, комкообразное, желтого цвета

Полицейлер синтетикалық есірткімен күреске басымдық береді. Өйткені оның залалы басқа есірткі түрлеріне қарағанда аса қауіпті. Әрі, есірткі саудасы заманауи технологиялар арқылы байланыссыз жүзеге асырылады. Жыл басынан облыста заңсыз есірткі айналымына қатысты 29 күдікті адам ұсталды. Оның 7-уі синтетикалық есірткілердің өндірісін ұйымдастырғаны үшін, 3-уі тыйым салынған заттарды сататын интернет-дүкендердің қызметін ұйымдастырғаны үшін құрықталды. Бұдан бөлек, 2 адам есірткіні жасырын орынға салып кеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сұлтанғазы Біләлов, СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

  • Ақпан айында жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымы үшін Ақмола облысының 19 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында жалпы салмағы 41,49 грамм кристал тәрізді 30 бума алынды. Сондай-ақ, тұрғылықты жерінен 23 түйіншекте 82,15 гр. ұқсас зат тәркіленді.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар полицейлерден есірткі таратушы болуы мүмкін адамдарды көрген жағдайда не істеу қажеттігін сұрап жатады.  Мұндай жағдайда «102» арнасына немесе басқарманың 39-41-93 сенім телефонына хабарласуға болады. Бұдан бөлек, WhatsApp мессенджеріндегі  +7-707-500-96-65 нөмірінде чат жұмыс істейді. Instagram, Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде @upn_dp_sko аккаунтарында хабарлама қалдыруға болады. 3 айдың ішінде полицейлер заңсыз айналымнан 25,5 кг түрлі есірткі тәркіледі, оның 1 кг астамы синтетикалық есірткі.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН АСЫРАП, БАҒУ ТАЛАПТАРЫ БАҚЫЛАУДА
20:42, 16 сәуір 2021
ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН АСЫРАП, БАҒУ ТАЛАПТАРЫ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
МАС КҮЙДЕ КӨЛІКТІ АЙДАП ӘКЕТКЕН ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ
20:39, 15 сәуір 2021
МАС КҮЙДЕ КӨЛІКТІ АЙДАП ӘКЕТКЕН ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...