ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

4 КҮН ІШІНДЕ 24 МАС ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

20:40, 19 шілде 2021

Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасының соңғы төрт күні ішінде өңір жолдарында 24 мас жүргізуші ұсталды. Спирттік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген олар өз бастарын қатерге тігіп қоймай, жол қозғалысының өзге қатысушыларына да қауіп төндіреді.

- Как ты – водку пьешь, за рулем ездишь?..до…Выйдите из машины.

Honda маркалы автокөлік жүргізушісін Караван көшесіндегі қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұстады. Ер адам қалаға Бескөл жағынан кірген. Медициналық куәландыру оның автокөлікті орташа дәрежеде мас күйінде басқарғанын көрсетті. Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа берілді. Осыған ұқсас факт Зайсан ауданындағы Свободная көшесінде анықталды. Тексеру үшін Toyota RAV4 жүргізушісі тоқтатылды. Рөлдегі 45 жастағы қала тұрғыны мас болған. Әкімшілік хаттама толтырылды, енді ол жеті жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

- Евгений Анатольевич! Как обстановка там, на дороге?..до…ничего не было.

«Мас жүргізуші»  операциясының төрт күнінде 2 мыңға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды. Қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау және рөлде телефонмен сөйлесу секілді бірнеше жүздеген фактілерден басқа, жылдамдықты асырудың 171 фактісі, маневр жасау ережелерін бұзудың 65 фактісі, сондай - ақ құқығынан айырылған адамдардың көлікті басқаруының 56 дерегі анықталды. Жаяу жүргіншілер тарапынан соңғы төрт күнде 292 ереже бұзушылық тіркелді.

РҮСТЕМ ЕСПЕРДИНОВ, СҚО ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Шілденің 15-і мен 31-і аралығында мемлекеттік органдармен бірлесіп «мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатырмыз. Оның барысында жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды: мас күйде көлікті басқаратындарды, жылдамдықты арттыратындарды, маневр жасауда, басып озу ережелерін бұзатындарды анықтау бойынша жұмыстар күшейтілді.

Автопатрульдер тек елді мекендерде ғана емес, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар барлық жолдарда жұмыс істейді. СҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің алдында құқық бұзушылықтың жолын кесу ғана емес, жүргізушілерге жан-жақты көмек көрсету міндеті тұр. Соңғы алты айда қала сыртындағы жолдарда қызмет көрсететін патрульдер жүргізушілер мен олардың жолаушыларына 50-ден астам рет көмек көрсетті.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРУМЕН КӨШЕ КЕЗГЕН МАС ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ
13:05, 3 тамыз 2021
ҚАРУМЕН КӨШЕ КЕЗГЕН МАС ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 3 600-ДЕН АСТАМ МАЛ АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚАМАЛДЫ
13:03, 3 тамыз 2021
ОБЛЫСТА 3 600-ДЕН АСТАМ МАЛ АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚАМАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА 45 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
20:35, 30 шілде 2021
ПЕТРОПАВЛДА 45 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...