ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

«АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!»

20:44, 14 мамыр 2021

ПетропавлДА және қала сыртындағы жолдарда полиция қызметкерлері «Абайлаңыз, балалар!» атты республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. Тәртіп сақшылары мектептерге барып, оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізеді. Жол жүру ережесін еске салады.

  • Чтобы, когда ты будешь переходить вечером дорогу, с папой, - чтобы тебя водители видели!

Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы  аясында тәртіп сақшылары балаларға арнайы ленталар таратып, ата-аналарымен профилактикалық жұмыс жүргізді. Жолды бағдаршамға дұрыс кесіп өту, жаяу жүргіншілер өткелінде жан-жаққа қарау, рұқсат етілмеген жерде жолды кесіп өтпеу керектігі тағы бір рет ата-аналар мен балақайларға айтылды. Сондай-ақ, көшеде жүргенде құлаққапты пайдалану адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін, дейді мамандар.   

  • Безопасность детей – это превыше всего. И, сами соблюдайте Правила дорожного движения!

Қала сыртындағы жолдарда жүргізушілерге жадынамалар, парақшалар мен буклеттер таратылды. Патрульді полиция қызметкерлері олардан жұмыстан үйге оралғаннан кейін-балалармен, көршілермен, таныстармен профилактикалық әңгімелер жүргізуді сұрайды.

АЗАМАТ ЖАМҰҚОВ, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

  • Жазғы демалыс қарсаңында ел аумағында 12-14 мамыр аралығында  «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы өткізілуде. Полиция қызметкерлері мектептерге барып, оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізеді. Жол жүру ережесін түсіндіріп, мектептен үйге және үйден мектепке дейінгі бағыттағы қауіпсіз жолды көрсетеді. Бұл іс-шаралар облыстың барлық білім беру мекемелерінде өткізіледі.

Үгіт-насихатпен қатар осы күндері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді. Екі күннің ішінде облыс жолдарында 514 дерек анықталды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
17:17, 10 маусым 2021
СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...