ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА БАСТАУ АЛДЫ

13:04, 14 мамыр 2021

Облыс көлемінде полицейлер балалардың жол-көлік жарақатын алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейтті. Себебі бірер аптадан кейін оқушылар жазғы демалысқа шығады.  Жылдам жүретін велосипедтер, самокаттар, гироскутерлер – соңғы жылдары жастар жақсы көретін көліктердің түрлері арта түсті. Сол себепті жолдарда автокөліктің саны көбейді. Балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер мектептерде кең ауқымды дәрістер өткізуде, көшелерде жас велосипедшілермен әңгіме жүргізуде, олардың ата-аналары және ұстаздарымен ақыл-кеңестерімен бөлісуде.

Мұрат Айтқожин атындағы №1 орта мектептің қабырғасында тәртіп сақшылары төртінші сынып оқушыларымен кездесті. Бұл мектеп көлік көп жүретін базарға жақын, қаланың орталығында орналасқан. Ювеналдық полиция мен патрульдік полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерге қатысты Жол жүрісі ережелерінің негізгі тармақтары жайлы қарапайым тілмен әңгімелеп берді. Балалардан бұл ақпаратпен өздерінің інілері мен қарындастары және ауладағы достарымен бөлісуді сұрады.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Облысымыздың барлық мектептерінде балалармен Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау бойынша сабақтар өткізілуде. Сабақтардың негізгі мақсаты – балалардың жастайынан жол қозғалысы ережелерін сақтауына және көше мен жолдардағы жүріс-тұрыс дағдыларын үйретуге бағытталған.

Жергілікті полиция қызметі аппараты мен патрульдік полиция қызметкерлері санынан құралған тағы бір топ №27 орта мектепке ат басын бұрды.

- Вот вы едете; вы, с мамой, с папой, с бабушкой, с дедушкой едете… Вот, стоит инспектор. Вот он так стоит. Можно ехать? – Нет. – Правильно, нет. А со спины можно ехать? Нет! – Правильно!

Балаларға полицияның жұмысына қатысты кез-келген сұрақ қоюға мүмкіндік берілді, жол белгілерінің маңыздылығы бойынша ойын викториналары өткізілді, іс-шара соңында полицейлер мектеп оқушыларын Жол жүрісі ережелері тақырыбы бойынша безендірілген дәмді торттармен қуантты. Осыған ұқсас іс-шаралар облыстың барлық мектептерінде өткізілуде: 12 мамырдан бастап ІІМ бастамасы бойынша «Абайлаңыз-балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара бастау алды. Айта кететін болсақ, биылғы жылдың төрт айында облыс жолдарында балалардың қатысуымен 12 ЖКО тіркелді, оның нәтижесінде 13 бала жарақат алды. Зардап шеккен 13 баланың 9-ы ЖКО жасалған сәтте жаяу жүргінші болған. Сондай-ақ, 13 ЖКО талдауына сәйкес тек екі авария балалардың кінәсінен орын алған. Осы орайда полицейлер мектеп оқушыларын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын,сондай-ақ жүргізушілерді Жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға; жолда және көпқабатты үйлердің аулаларында көлікті қою кезінде өте абай болуға шақырады

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
17:17, 10 маусым 2021
СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...