Облыс орталығында өзгенің атына несие ресімдеген алаяқ ұсталды. 2020шы жылы қылмыс жасаған 33 жастағы қала тұрғыны микроқаржылық ұйымнан 50 мың теңге көлемінде қарыз алған.
Шілде айында полицияға алдандым деп облыс орталығы тұрғындарының бірінен шағым түскен. Әйелдің сөзінше 2020-шы жылы ол микроқаржылық ұйымдардың бірінде қарызы барын білген. Қылмыс жасалғалы 1 жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер күдіктіні анықтаған. 33 жастағы ер адам көшеде жеке деректері көрсетілген куәліктің көшірмесін тапқан. Осылайша, қулығын асырып құжат иесінің атына 50 мың теңге көлемінде несие ресімдеген.
Күдікті:
- Я шел, нашел листок. Открыл листок; увидел там фамилию и имя… Координаты ее, в общем…Вы были удивлены, что полиция пришла через год? – Да, конечно, я был удивлен. Только я незнал – по какому поводу ко мне пришли. Мне объяснили потом уже, в горотделе. Ну, я сразу сознался.
Аталған факті «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
ВИТАЛИЙ ПОДЧЕРНИН, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
- Көбіне алаяқтар WhatsApp, Telegram немесе кез-келген басқа мессенджерлер арқылы байланысқа шығады. Осы ретте облыс тұрғындарына белгісіз тұлғаларға тауарлар үшін алдын ала төлем жібермеңіз деп ескертемін. Егер сізге телефон шалып, өзің банк қызметкері ретінде таныстырса жеке ақпаратты бермеңіз.
Ұзақ уақыт бойы басқа біреудің атына несие ресімдеу интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлерінің бірі болды. Қазір мұндай схема іс жүзінде жоқ. Полицейлер мен микроқаржы ұйымдарының иелері арасындағы диалог барысында маңызды келісімге қол жеткізілді: шағын несие алу шарттары қатаңдатылды.