ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АЛАЯҚТАРДЫҢ АМАЛЫ ТАУСЫЛАР ЕМЕС

20:38, 4 шілде 2022

 Петропавл тұрғыны жалған полицейден түскен қоңырауға алданып қала жаздады. Ер адамға белгісіз адам қоңырау шалып, өзін полиция департаменті басшыларының бірімін деп таныстырған.  Бірақ, алаяқты сұрақтың астына алған қала тұрғыны, оның арбауына түспепті. Осылайша ақшасы өзінде қалған. Және де азамат бірден полицйелерге хабарласқан.

Алаяқтар тұрғындарға полицейлердің атын жамылып, қоңырау шалуға көшкен.  Адамның сеніміне кіргесін, өзге алаяқпен байланыстырып, ол өзін банк қызметкерімін таныстырады. Кейін азаматтың жеке деректерін біліп алады немесе  ақшаны "қауіпсіз шотқа"аударуға көндіреді. Бұл шот іс жүзінде алаяқтарға тиесілі. Дәл осылай Петропавл тұрғындарының бірі алаяқатардың арбауына түсе жаздады.

АНДРЕЙ ЯМПОЛЬСКИЙ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Мен неге телефон арқылы айтып жатырсыздар, мені неге банкке шақырмайсыздар деп сұрақтарымды қойған кезде, жоқ, үшінші адамдар білмеуі тиіс, бұл құпия болуы керек деп айтты. 

 Жалған полиция қызметкері қала тұрғынын қабылдаудан бас тартты. Содан кейін ер адамның өзі полицияға барған.   

ВИКТОРИЯ МИРОНИЧЕВА, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Полиция қызметкерлері де, банк қызметкерлері де ешқашан сіздің картаңыз туралы деректерді сұрамайды, сондай-ақ ұялы телефоныңызға келетін кіру кодтарын беруді талап етпейді. Мұндай жағдайларда телефонмен сөйлесуді тоқтатып, банк картасында немесе банк сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қоңырау шалу қажет. Сіздің банктік картаңыз туралы деректерді ешкімге және ешқандай жағдайда бермеңіз.

 Соңғы айларда СҚО-да алаяқтардың полиция қызметкерлері болып көрінген 30-дан астам жағдай тіркелді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары алдын алу жұмыстарын күшейтуде. Жинақтарыңызды қалай қорғауға және қылмыскерлердің қармағына түспеуге қатысты кеңестері бар буклеттерді тарату бойынша акциялар өткізілуде. Қоғамдық көлік аялдамаларында ескерту баннерлері орналастырылған. Кинотеатрлар әкімшілігімен келісімге қол жеткізілді. Сеанстар алдында профилактикалық бейнероликтер көрсетіледі. Оларды облыс орталығының автобустарындағы желілік экрандардан да көруге болады.

Тақырып бойынша материалдар

КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ
13:00, 19 шілде 2022
КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар