ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС

20:40, 20 мамыр 2022

Солтүстікқазақстандық полицейлер мен банктердің өкілдері күш біріктіріп, интернет-алаяқтарға қарсы күресті бастады. Профилактикалық жұмыстарға еріктілер мен жәбірленушілердің өздері де қосылды.

- Отойдите пока что от банкомата, зайдите в ваше приложение, проверьте актуальный баланс по карте Каспи-голд, поменялся ли он, я пока что свяжусь с техническим отделом, уточню информацию касательно того, по какому регламенту мы продолжим с вами работать.

 Бұл алаяқтың Петропавл қаласының тұрғынымен сөйлескен сөзі. Жәбірленушілердің бірі бұл дауысты жазып үлгерген. Алаяқтар сыпайы сөйлесіп, арнайы терминдерді қолданады. Мұны естіп, оларды шынымен де банк қызметкері екен деп ойлауға болады.

 ЖАНДОС МҰҚАТОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Интернет-алаяқтық бүгінгі таңда өршіп бара жатыр. Жағдай оңай емес. Алдын алу шараларын жүргізіп жатырмыз. Екінші деңгейлі банктерге кредит беретін бөлімдерге барып, алаяқтық жайлы адамдарға кеңес беруді, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсындық. Осыны тсүіндіріп айтсаңыздар.

 Алаяқтар адамдарды алдап, әлдебіреулердің олардың атына несие ресімдегелі жатқанын айтады. Несиені және алаяқтық әрекеттерін болдырмау үшін қосымша несие алып, арнайы көрсетілген шотқа жіберу қажет деп сендіреді. Айта кету қажет, азаматтардың кейбірі банкке келіп, нақты қандай мақсатпен несие алғалы жатқанын жасырады. Тұтқаның арғы жағындағы әккі алаяқтардың сөзін естіген азаматтар, банк менеджерлері қылмыскерлермен сөз байласып қойған деген ойға келеді.

 ЖАНДОС МҰҚАТОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Әр түрлі санаттағы адамдар интернет-алаяқтардың құрығына түсіп жатады. Көбісі жоғары білімді азаматтар. Олар зауыт жұмысшылары, ұстаздар, зейнеткерлер. Сондықтан біз осындай алдын алу іс-шарасын көпшілікке шығып, өткізіп отырмыз.

 Сондықтан Петропавл қ. Полиция басқармасының басшылығы еріктілермен бірлесіп, төлем және ақша алуға арналған терминалдар орналасқан дүкендерге, сауда үйлеріне, банктер мен басқа да мекемелерге аттанды. Олар айлакерлермен сөйлескен әңгіменің жазбасын тыңдатып, жадынамалар таратады, қалалықтарға алаяқтардың әрекеттері жайлы айтады. Азаматтарды хабардар ету – бүгінгі таңдағы интернет-алаяқтарға қарсы сенімді тосқауыл.

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:32, 24 маусым 2022
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...