ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

20:39, 4 мамыр 2022

Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында тәртіп сақшылары ардагерлерді құттықтап, оларға мерейтойлық медальдар мен алғыс хаттар табыс етті. Ішкі істер органдарында әр жылдары еңбек еткен жандар бұл күні кездесіп, емен-жарқын әңгімелесуге және музейді аралауға мүмкіндік алды.

Залға жиналғандың барлығы, бір кездері алдыңғы шепте жүріп, қоғам тыныштығын қамтамасыз еткен жандар. Сондықтан олар қандай болсын құрметке  лайық.

НҰРЖАН КҮДЕРОВ, СҚО ПД АППАРАТЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгін біздер сержант, старишналар мен прапорщиктердің басын қостық. Жалпы 16 адам. Олар полицияда әр жылдары қызмет атқарған. Ардагерлердің еңбегі ешқашан ұмытылмайды.Олардың қызметі жас ұрпаққа үлгі.

 Кейін мінсіз еңбек еткен ардагерлерге алғыс хаттар мен «Қазақстан патриоты» мерейтойлық медалі табысталды. Марапатталғандардың бірі – Жасұлан Есенбаев.  Ол ішкі істер органдрына 1985 жылы келген. Күзет қызметінде еңбек еткен Жасұлан Сағынтайұлы 2009 жылы зейнетке шыққан. Бүгінгі кездесуге ол өзінің 4 жасар немересін ерте келіпті. Олар музейді аралап, жәдігерлермен танысты.

 ЖАСҰЛАН ЕСЕНБАЕВ, ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Музейге алғаш рет келіп тұрмын. Әдемі екен. Қызықты, тарихтан сыр шертер дүниелер көп. Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында осындай марапатқа ие болып жатқаныма қуаныштымын. Ардагерлерді ұмытпайтындығы қуантады. 

Алдағы уақытта осы сынды шаралар жалғасын таппақ. Жалпы бүгіндері ішкі істер органдарында 20 бастауыш ұйым бар. Оларға 2360 ардагер мүше.

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:32, 24 маусым 2022
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...