ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

АСА ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

20:41, 22 шілде 2021

Солтүстікқазақстандық полицейлер Ақтөбе тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіледі. 27 жастағы жігіт синтетикалық есірткі таратумен айналысқан. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.

  • Так, наблюдаем: аналогичный сверток, в изоленте, с магнитом. Помещается в чистый, белый бумажный конверт.

Мақсатты жедел іс-шаралар нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері 27 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Ол синтетикалық есірткіні жасырып кету арқылы таратты деген күдікке ілінген. Ұстау кезінде одан ұнтақ тәріздес ақ түсті заты бар 9 түйіншек алынды. 

- Сверток, изолетной обматанный. Внутри было наркотическое средство... 30 штук, по 0,5.

Тағы 16 түйіншек күдікті көрсеткен жасырын орындардан, 3-уі жалдамалы пәтерден алынды. Сол жерден есірткі жасаушылардың құралдары да табылды, атап айтқанда, таразы, өлшеуіш қасық, салып қаптайтын материал алынды. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Руслан Үмбетов, СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

Алынған зат – психотропты зат мефедрон болып табылады. Алынғанның жалпы салмағы  - 49,15 грамм, бұл аса ірі мөлшерге жатады) 0.53-01.01 (Ағымдағы жылғы алты айдың ішінде СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 125 кг түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Оның 4 кг астамы – синтетикалық есірткі.

Полицейлер синтетикалық есірткіні таратушылармен күресті бәсеңдеткен емес. Жыл басынан осымен төртінші рет басқа қала тұрғыны синтетикалық есірткіні жасырын орынға салып кетті деген күдікке ілініп, ұсталып отыр

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРУМЕН КӨШЕ КЕЗГЕН МАС ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ
13:05, 3 тамыз 2021
ҚАРУМЕН КӨШЕ КЕЗГЕН МАС ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 3 600-ДЕН АСТАМ МАЛ АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚАМАЛДЫ
13:03, 3 тамыз 2021
ОБЛЫСТА 3 600-ДЕН АСТАМ МАЛ АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚАМАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА 45 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
20:35, 30 шілде 2021
ПЕТРОПАВЛДА 45 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...