ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА КОРОНАВИРУС ІНДЕТІН 3-ШІ АДАМ ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

БЕЙНЕБАҚЫЛАУДЫҢ КӨМЕГІМЕН 155 ҚЫЛМЫС АШЫЛҒАН

20:43, 26 ақпан 2020

СҚО-да бейнебақылау жүйесі арқылы 155 қылмыс ашылды. Бүгінгі таңда облыс орталығында 400-ден астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Олар арқылы Патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар ұсақ бұзақылық фактілерін, Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтап, тіркейді. Егер 2011 жылы камералардың көмегімен 40 қылмыс ашылса, өткен жылы бұл көрсеткіш 695-ті құрады. Нақтырақ айтқанда, бейнебақылау камераларының көмегімен ашылған қылмыс соңғы 9 жылда 17 есе өсті. Полиция департаменті баспасөз қызметінің материалына назар аударайық.

- «Орталық» арнасының абоненттері: жаяу жасақшалар, модульдер, автопатрульдер – бағыт-бағдарды жазуға дайындал!

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің «102» жедел арнасына 22 633 түрлі хабарлама келіп түскен. Орта есеппен мұнда тәулігіне  300-ден бастап 400-ге дейін хабарлама қабылданады. Қылмыстарды ашуда және құқық бұзушылықтарды ескертуде бейнебақылау жүйесі тиімді тетік. Бүгінгі күні облыста 1351 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.

АЛЕНА ТКАЧЕНКО, СҚО ПД ШТАБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Петропавл қаласында – 410 камера жұмыс істейді. Бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы 2371 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде – 1800 ЖЖЕ бұзушылық, 435 - әкімшілік заңнаманы бұзу. Бейнебақылау камераларының көмегімен қылмыстарды ашуға ықпал еткен 155 факті анықталды.

23 ақпан күні Петропавл қаласының 36 жастағы тұрғыны полицияға жүгінген. Таңғы сағат бес шамасында Н. Назарбаев көшесі бойында белгісіз тұлғалар оны соққыға жыққан. Н. Назарбаев және Строительная көшелерінің қиылысында орналасқан бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктілер анықталды. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жіберілді. Нәтижесінде төбелеске қатысы бар үш жас жігіт ұсталды. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жүргізілуде.

Тақырып бойынша материалдар

КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТОҚТАТЫЛДЫ
20:41, 27 наурыз 2020
КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...