ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ

17:20, 29 маусым 2022

Облыста көшелер мен көңіл көтеру орындарына түнгі рейдтер жүргізіліп жатыр. «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы үш күнге шақталған. Нәтижесінде түнгі көшені кезген 26 жасөспірім анықталып, ата-аналары әкімшілік жазаға тартылды. Облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметінің бейне материалына назар аударайық.

Полицейлер жасөспірімдер жүретін орындарды, оның ішінде саябақтар, қараусыз қалған үйлерді тексереді.  Басты назарда – көңіл көтеру орындары. Қаладағы дәмханалардың бірінде таныстарымен бірге 17 жасар қыз болған.

Зарима Жакина, Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы:

- Петропавл қаласының көңіл-көтеретін орталығының бірінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірім тоқтатылды. Жасөспірімнің ата-анасы шақырылып, ана-анасына әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 442-бап хаттамасы толтырылды. Ал мекеме иесіне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 132-бап бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ тұрмысы қолайсыз отбасылар да назарға алынған. Осындай бір отбасыны тексеру кезінде кәмелет жасына толмаған қыздың түнде үйінде болмағаны анықталды.

вы знаете, да, что на спецшколу её определяют? Ну, по неаттестации в учебном заведении. — Да, я знаю. — По маме надо вопрос ставить. Света нету, не работает, нет средств для существования…  — На комиссию надо выходить. — Ребёнка дома нет, значит, на комиссию будем выводить, ставить вопрос о лишении родительских прав

Бұл жұмыс «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді. Іс-шара облыс аумағында маусымның 27-сі -29-ы аралығында өткізіліп жатыр.

Александр Розбах, СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Аталған іс-шараға полиция қызметкерлерімен бірге жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, денсаулық сақтау, білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ ата-аналар комитеттері тартылды.

Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың қараусыз жүруін болдырмау, жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу. Жалпы облыс бойынша 38 түрлі құқық бұзушылық анықталды.  Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін атқармағаны үшін 8 ата-ана жауапқа тартылды.

Тақырып бойынша материалдар

КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ
13:00, 19 шілде 2022
КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар