ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

БІРНЕШЕ ҮЙДІ ТОНАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ЕКІ АДАМ ҰСТАЛДЫ

20:42, 21 шілде 2021

Өңір полицейлері кемінде 6 үйді тонады деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Олар петропавлдықтарға шамамен 3 млн теңгеден астам шығын келтірген. Ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігі қаладағы ломбардтардан табылып, алынды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.

Жаз басталғалы Петропавлда бірнеше пәтер ұрлығы тіркелді. Қылмыскерлер ұрлыққа күндіз түскен, есікті арнайы кілтпен ашқан. Бір жағдайда ұры пәтерге екінші қабаттағы балкон терезесінен кірген. 13 шілде күні қаскөйлер Интернационал көшесіндегі пәтерге кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды қолды қылған. Зардап шегушінің айтуынша, шығын сомасы 2 млн теңгеден асады. Әккі ұрылар аса сақ болғандарымен полицейлер олардың ізіне түсті. Облыстық полиция департаменті және Петропавл қаласы полиция басқармасы жедел уәкілдері куәгерлердің түсініктемелерін, оқиға орнына жақын жерде орналасқан бейне бақылау камераларының жазбаларын егжей-тегжейлі зерделеді. Сондай-ақ, осындай қылмыстар жасағаны үшін істі болған, жақында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар тексерілді. Қылмысты бұған дейін сотталып, былтыр желтоқсан айында босап шыққан, наркологиялық орталықта есепте тұрған 36 жастағы қала тұрғыны жасауы мүмкін. Екінші күдікті бұрын сотты болған оның 34 жастағы танысы болып шықты. Екеуі де тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Күдікті:

  • Қоңырауды басып, тыңдап көрдім. Есікті тықылдаттым. Ешкім ашпаған соң, құлыпты бұзып, ішке кіріп отырдым. Тек алтын бұйымдар мен әшекейлерді, ақшаны алдым. Өйткені алтынды лезде сатып, ақша қылуға болады.

Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұрланған заттардың бір бөлігі қала ломбардтарынан алынды.

Руслан Назаров, СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары:

  • Қазіргі уақытта істе алты эпизод бар, Петропавл қаласының тұрғындарына келтірілген шығын сомасы 3 миллион теңгеден асты. Күдіктілердің ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде. Барлық жағдайларда да қаскөйлер құлыптары осал пәтерлерді, бейне бақылау орнатылмаған подъездерді таңдаған. Баршаңызды үйлеріңізді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін тиісті шаралар қабылдауға шақырамыз. Мүмкіндігінше үй подъездерін бейне бақылау камераларымен жабдықтаған жөн. Пәтерден шығарда есіктің жабылғанына көз жеткізу қажет.

СҚО жыл басынан 274 пәтер ұрлығы тіркелді, қазіргі уақытта оның 190-ы ашылды.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРУМЕН КӨШЕ КЕЗГЕН МАС ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ
13:05, 3 тамыз 2021
ҚАРУМЕН КӨШЕ КЕЗГЕН МАС ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 3 600-ДЕН АСТАМ МАЛ АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚАМАЛДЫ
13:03, 3 тамыз 2021
ОБЛЫСТА 3 600-ДЕН АСТАМ МАЛ АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚАМАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА 45 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
20:35, 30 шілде 2021
ПЕТРОПАВЛДА 45 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...