ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК Толығырақ

ЕСІРТКІ БИЗНЕСІМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҰСТАЛДЫ

20:43, 23 ақпан 2021

Өңір полицейлері синтетикалық есірткі дайындап  және оны  сатумен айналысқан  отбасыны ұстады. Аталған топ өткен жылдың қазан айынан бақылауға алынып, полицейлер ауқымды жұмыс атқарды. Айта кету керек, жыл басынан өңірде есірткі бизнесімен айналысқаны  үшін 42 адам ұсталып, қамағу алынған.

СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткілерді өткізумен айналысқан отбасы мүшелерін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын Петропавл қ. қолдан-қолға табыс ету жолымен сатылғаны анықталды, психобелсенді заттарды жасауға арналған үй-жай қаладан 120 км жерде, яғни Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде орналасқан. Есірткі зертханасында синтетикалық "тұз" өндіру үшін барлық жағдайлар жасалған және қәуіпсіздік шаралары да қатаң сақталған екен. Үй ішінде желдету құралдары, өлшеуіш ыдыстар, қорғаныш костюмдер мен респираторлар да болған. Бұл криминалдық бизнеспен бірге тұратын адамдар жұбы, сондай-ақ олардың жақын туыстары айналысқан.

Сұлтанғазы БіләловСҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

Осы жылғы он тоғызыншы ақпанда арнайы операцияда, іске қатысы бар тұлғалар ұсталып, тұратын жеріне тінту жүргізу кезінде: 48 дозаға бөлшектенген, сатуға дайындалған шамамен 55 грамм «тұз» синтетикалық есірткі; есірткіге арналған орауыш материал (зиплок); ұялы телефон саны 12 дана; шприцтер; есірткі қабылдауға арналған арнайы құрылғы 10 дана; дәріхана таразысы; блокнот пен дәптер табылып алынды; сонымен қатар, зертханадан синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ тәрізді 700 грамм зат алынды. Алынған зат сот-химиялық зерттеуге жіберілді.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабы бойынша енгізілді. Төрт фигурант – екі ер адам мен екі әйел ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Задержанный:

Сами изготавливали? – По инструкции, да. – Какие там ингредиенты? – Как мне известно: ацетон, соляная кислота и жидкость из Китая, которая...

Биылғы жылдың басынан СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 17 кг. түрлі есірткі заттарын алды. 31 есірткі қылмысы анықталды. Жыл басынан заңсыз есірткі айналымымен айналысқан 42 адам ұсталды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 7 ЖЫЛҒА КӨЛІК БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
20:41, 19 ақпан 2021
АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 7 ЖЫЛҒА КӨЛІК БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙ...
Толығырақ...
БОРАНДА АДАСЫП КЕТКЕН ЕКІ БАЛА АМАН ТАБЫЛДЫ
20:39, 19 ақпан 2021
БОРАНДА АДАСЫП КЕТКЕН ЕКІ БАЛА АМАН ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ 2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҰМЫСЫНАН БОСАТЫЛДЫ
17:15, 19 ақпан 2021
ОБЛЫСТЫҢ 2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҰМЫСЫНАН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:42, 18 ақпан 2021
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...