ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫМЕН КҮРЕС

20:43, 24 қараша 2021

Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері  әлеуметтік желі қолданушыларын есірткі қылмысына қатысты жұмыстар жайында ақпараттандырды. Instagram және Facebook ведомстволық  ресми аккаунттарындағы кезекті онлайн-стриминг есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің соңғы 10 айда атқарған жұмыстарының қорытындысына арналды.   

10 айда ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ  203 дерек анықталған. Заңсыз айналымнан 409 кг түрлі есірткі алынды, оның 10 гр героин, 4 кг-дан астамы гашиш, 400 кг марихуана және 4,5 кг түрлі синтетикалық есірткілер. Полицйелердің айтуынша, өңірде есірткінің дәстүрлі түрлерін синтетикалық түрлерімен алмастыру үрдісі байқалады. Криминалдық тұлғалар байланыссыз әдісті таңдап, оны интернет арқылы таратады. Полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан синтетикалық психобелсенді құралдардың заңсыз айналымының 90 фактісін анықтады. 10 айда облыста есірткілік және психоактивтік препараттарды шамадан тыс қолданудың 52 фактісі тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңінде 75 дерек тіркелген.

ИВАН ТЕРЗИДИ, ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН  АТҚАРУШЫ:

- Естеріңізге салсақ, 2018 жылдан бастап Полиция департаментінде 8-707-500-96-65 WhatsApp номері жұмыс істейді. Сіздер бұл нөмірге хабарласып, нақты мекенжайын көрсетіп, есірткі қылмысы жайында айта аласыздар.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
20:48, 2 желтоқсан 2021
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
20:42, 30 қараша 2021
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...