ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ЕСІРТКІ САТУШЫ ҰСТАЛДЫ

20:41, 9 қыркүйек 2021

Облыс полицейлерІ аса ірі көлемде гашиш сатқан күдіктіні ұстады. Оның көлігін тінтіу барысында миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді. облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің материалына назар аударайық.

- Сіз бұл толықтыруды түсіндіре аласыз ба?..дейін ... қарыз берді. - Қарыз берді, иә?..

2 қыркүйек күні Петропавлда Абай көшесінде полиция қызметкерлері есірткі сатты деген күдікпен бұрын мүліктік қылмысы үшін сотталған 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 2 кг.гашиш тәркіленді. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі  «есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

РУСЛАН ҮМБЕТОВ, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Сот-химиялық зерттеу қорытындысына сәйкес алынған заттың жалпы салмағы 1 кг, 994 гр гашиш болып табылады., бұл «есірткі заттарының, олардың аналогтары мен прекурсорларының жиынтық кестесіне» сәйкес аса ірі мөлшерге жатады. Сондай-ақ, ұсталған адамға тиесілі көлікті тінту барысында қылмыстық мақсатта пайдаланатын ақшалай қаражат тәркіленді. Жалпы сомасы 971 мың теңге. Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы  таңдалды.

Қылмыстың бұл түріне 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.   Жыл басынан бері облыста полицейлер 139 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 35 өткізу фактісі бар. 287 келіге жуық түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның 4 кг-нан астамы синтетикалық есірткі.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
13:03, 24 қыркүйек 2021
ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...