ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ Толығырақ

ЕСІРТКІ САУДАГЕРІ ҰСТАЛДЫ

17:23, 26 қаңтар 2021

Полиция қызметкерлері Петропавл маңындағы ауылдардың бірінде  тұратын ер адамнан 14,5 келі марихуана тапты. 57 жастағы тұрғын бұған дейін есірткі бизнесімен айналысқаны үшін сотталған екен. Келесі бейнематериалға назар аударайық.

Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлеріне қала маңындағы ауылдардың бірінің 57 жастағы тұрғынының  есірткі қылмысына қатысы бар екені туралы  жедел ақпарат келіп түседі.  Жедел-іздестіру шаралары барысында бұл ақпарат расталды: ер адам Петропавлдағы Астана – Бөкетов көшелерінің қиылысында ұсталды. Қызметтік-іздестіру итін пайдалана отырып, оның Volkswagen автокөлігінің салонынан скотчпен оралған үш полиэтилен пакеті салынған қап табылды.

Сот-химиялық сараптамасы алынған заттың кептірілген марихуана екенін көрсетті. Есірткінің жалпы салмағы 14 кг 540 грамм.

РУСЛАН ҮМБЕТОВ, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.

Ер адам есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сатқаны үшін 2008 жылы сотталған екен. 2018 жылы бостандыққа шығыпты.  Жалпы облыста былтыр заңсыз айналымнан 462 кг астам түрлі есірткі заттары алынды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ
13:04, 23 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛДА ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰТЫРМА  АУРУЫ  ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
20:44, 16 сәуір 2021
ҚҰТЫРМА АУРУЫ ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...