ШҰҒЫЛ! ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР Толығырақ

ЕСІРТКІ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ

17:20, 14 қазан 2021

Тәртіп сақшылары Петропавл көшелерінің бірінде есірткі қылмысына қатысы бар 25 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады.  Ол осыған дейін үйлердің қабырғаларында есірткі сататын веб-ресурстардың жарнамаларын графитти арқылы салған болатын. Толық ақпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі әзірлеген бейнесюжетте.

Облыс полицейлері жедел іс-шара барысында есірткі қылмысына қатысы бар 25 жастағы Петропавлдың тұрғынын қолға түсірді.  Ұстау кезінде одан кристалл тәрізді зат салынған 33 полимер түйіншек тәркіленді.

- Свёртки в красной изоленте в количестве раз, два, три, четыре… в количестве 4 штуки…Можете пояснить происхождение данных свёртков у вас в кармане? — Нет, не могу…

Ұсталған  бойжеткен осыдан екі жыл бұрын  үйлердің қабырғаларына салып, интернетте есірткі сататын веб-ресурстарды жарнамалаған. Енді ол аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

РУСЛАН ҮМБЕТОВ, СҚО ПД ЕҚКБ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Сот химиялық зерттеу нәтижесіне сәйкес «альфа-PvP» синтетикалық есірткі болып табылды. Жалпы салмағы 15,3 гр. бұл аса ірі көлемге жатады. Қылмыскерге қатысты ҚР процестік кодексінің 150-і бабы бойынша қамау бұлтартпау шарасы берілді…

Жыл басынан облыста «есірткіні жасыру» жолымен есірткі таратуда күдікті 13 адам ұсталды. 4 кг. 287 гр. синтетикалық есірткі алынды. СҚО-да жыл басынан заңсыз айналымнан 404 кг. астам есірткі заттары алынды.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН 10 ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ
13:04, 21 қазан 2021
ЖЫЛ БАСЫНАН 10 ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ ҮЙІНДЕ МАРИХУАНА ӨСІРГЕН
17:27, 20 қазан 2021
ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ ҮЙІНДЕ МАРИХУАНА ӨСІРГЕН
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
13:03, 15 қазан 2021
Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК
Толығырақ...