ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ҚАЙЫҚТА ҰЙЫҚТАП КЕТКЕН БАЛЫҚШЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

20:42, 7 маусым 2021

37 жастағы петропавлдық үшін балық аулау қайғылы аяқтала жаздады. Ол резеңке қайықта ұйықтап КЕТКЕН. Өзенде түнгі уақытта қайығымен қалқып жүрген балықшыны тәртіп сақшылары байқап, судан аман-есен алып шықты. Құтқару операциясы туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалда.

Түнгі сағат 2 шамасында қайықта ұйықтап жатқан ер адамды Петропавл су торабында кезекшілік атқарған мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері байқайды. Резеңке қайық су ағынымен бөгетке жақындап қалған екен. Ер адам полицейлердің айқайына жауап бермеген.

АҚЫЛБЕК ӘБДІЛМАНОВ, СҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙІ :

Бөгетке қарай жүзіп бара жатқан қайықта адамның жатқанын көрдік. Осыдан кейін біз барлық шұғыл қызметтерді хабардар етіп, кезекші диспетчерге хабарлау туралы шешім қабылдадық.

Полицейлердің хабарламасынан кейін диспетчер бірден бекітпелерді көтерді. Нәтижесінде металл арқалықтар  қайықты иірімге жібермей ұстап қалды. Осы уақытта ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жетіп, тәртіп сақшыларына көмектесті.

ЛЕОНТИЙ ПРУДЕЛЮК, БАЛЫҚШЫ:

- Полиция қызметкерлері мені уақытында байқап, көмек көрсетті. Бұл жандарға алғысым шексіз. Өміріме араша түсіп, аман алып қалды.

Балықшыны құтқару операциясы сәтті аяқталды. Өкінішке орай, петропавлдықтар су торабының жанында балық аулау қауіпті екенін түсіне бермейді.

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
17:17, 10 маусым 2021
СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...