ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ҚАҢТАРДАН БАСТАП 250 ҚАҢҒЫБАС ТҮНЕУ ОРНЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ

20:41, 19 қаңтар 2022

Қалалық Полиция басқармасы құрамындағы қабылдап-тарату орнының қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтау бойынша күн сайын рейдке шығады. Мақсат - қыстың көзі қырауда қаңғыбастарды үсік алудан қорғау.  Мобильдік топ сағат 16.00-ден түнгі сағат 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Қызметкерлер көшеге бір шыққанда орта есеппен 8 қаңғысбасты полицияға жеткізеді екен.

Жертөлелер, кірберістер, жылу құбырлары, қоқыстар мен базарлар – тәртіп сақшылары тұрғылықты мекен жайы жоқ тұлғалардың шоғырланатын орындарын жиі тексеріп тұрады. Қажет болған жағдайда – мобильдік топ бағытын өзгертіп, шаралар қабылдайды. Қылмыстарды ашумен, із-түссіз жоғалған және қылмыскерлерді іздеумен қатар, полицейлердің міндеттеріне қаңғыбастардың арасындағы және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша жұмыстар кіреді. Мәселен, 39 жастағы Денистің көше кезіп жүргеніне бірнеше ай болған. Ол ұсақ-түйек жұмыстарды істеп, күнделікті нәпақасын табады.

  • По подъездам… На трубах и по подъездам. – Чем питаетесь? – Что нахожу – то нахожу, то и ем. По бачкам; где – кто-что даст, где-кто принесет что…

Аязды күндер қаңғыбастар үшін аса қауіпті. Полицейлердің мобильдік тобы тұрақты мекені жоқ адамдарды әр кеш сайын Жұмысшы кентінің шетінде орналасқан түнгі түнеу орнына жеткізеді. Өткен жылдың 12 айында қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 1976 адам жеткізілген. Олардың 239-ы соттың санкциясымен қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Барлығы полицияда тізімдік есепке алынды. Бұдан бөлек, қылмыстар жасауда күдікті ретінде іздестірілген 5 адам анықталды. Талдау көрсеткендей, тұрғылықты мекен жайы жоқтардың жас шамасы 33 пен 44 аралығында. Басым бөлігі – ер адам.

АДАЙ СМАЙЫЛ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ҚАБЫЛДАУ-ТАРАТУ ОРНЫНЫҢ БАСТЫҒЫ :

  • Ағымдағы жылғы қаңтар айының басынан қабылдау-тарату орнына 80-нен астам тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлға жеткізілді. 12-сі сот санкциясы бойынша қамалды. Суыққа байланысты мобильдік топ сағат көше кезіп жүрген тұлғаларды 16.00-ден бастап сағат 24.00-ге дейін түнгі түнеу орнына жеткізеді. Мұнда жыл басынан 250-ге жақын адам жеткізілді. Бұл жұмыс күн сайын жүргізіледі. Арнайы есептер бойынша тексеріледі. Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтаған жағдайда кезекші бөлімнің 52-92-99 телефонына хабарласуды сұраймыз.

Полицейлер үй-күйсіз жүргендердің шоғырланғаны жайында, не болмаса басқа қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қатысы туралы мәліметті полицияға хабарлауды сұрайды. Ол үшін «102» қосымшасы арқылы хабарламаны мәтін түрінде жіберуге немесе бейнеқоңырау шалып айтуға болады.

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:32, 24 маусым 2022
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...