ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ҚАРУ-ЖАРАҚ ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫ АЯҚТАЛДЫ

20:42, 27 сәуір 2021

Солтүстік Қазақстан облысында тіркелмеген қаруды ерікті түрде сыйақыға тапсыру акциясы өз мәресіне жетті. Енді бөлінген қаражат толықтай игерілмек. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тапсырылған қарулар қылмыстарда қолданбағандығын растайтын қажетті сараптамалардан егжей-тегжейлі өтеді. Сонымен қатар, сараптама нәтижесі бойынша қарудың қай санатқа жататындығын анықтап, соған қарай сыйақы белгіленеді. Акция шарттарына сәйкес, қару қылмысқа қатысы жоқ «таза» болса, полицейлер қарудың қайдан келгені жайлы айтуға міндеттемейді.

Көп жағдайда қару-жарақ орманнан немесе Есіл өзенінің жайылмасынан табылған екен. Екі адам аңшы қаруын үйлеріндегі ескі қора-қопсыны бұзған кезде тауып алған. Үш адам қарудың қайтыс болған әкелерінен қалғанын айтқан. Мәселен, М.Жұмабаев ауданы орталығының тұрғыны 1995 жылдан бастап «БМ-16» қосауызды қаруды әкесінің көзі ретінде сақтаған екен. Ал, Тайынша ауданының тұрғыны Польшаға кеткен досынан қалған 16 калибрлі «ИЖ» маркалы 2 қаруды өзінде екі жылға жуық сақтаған. Жалпы, акция аясында солтүстікқазақстандықтар барлығы 5 травматикалық қару, 16 тегіс ұңғылы қару мен калибрі 5,6 мм «ТОЗ» маркалы 2 ойық ұсақ калибрлі винтовка тапсырды.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
20:44, 17 мамыр 2021
ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА БАСТАУ АЛДЫ
13:04, 14 мамыр 2021
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...