ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ҚАРУМЕН КӨШЕ КЕЗГЕН МАС ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

13:05, 3 тамыз 2021

Петропавлда киімге оралған карабинмен, яғни ұңғысы қысқа жеңіл винтовкамен көше кезген мас ер адам ұсталды. Қоғамдық орындарға мониторинг жүргізу барысында Петропавл қ. Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының мамандары Набережная көшесінің бойында атыс қаруына ұқсас затпен жүрген ер адамды байқаған. Ақпарат жедел барлық нарядтарға жолданып, оқиға орнына автопатруль мен учаскелік полиция инспекторлары жіберілген.

Петропавлдағы Набережная көшесінің бойында мылтықпен жүрген ер адам ұсталды. Сондай-ақ ол мас күйде болған. Ол қаруды бір ай бұрын саяжай қоғамдастығының бірінде үйді демонтаждау кезінде тауып алғанын айтты. Қару еденнің астында матаға оралған күйде болған. Ер адам қаруды үйіне әкеліп, тоттан тазартқан. Сондай-ақ ол сол күні карабинді өзі әкеліп, полиция тапсырмақ болғанын түсіндірді.

Қала тұрғыны :

  • Арнайы қағазбен татын кетіріп, тазалап алдым. Бір айдан соң – оны Бірінші полиция бөліміне апарып, тапсырмақшы болдым. Жол-жөнекей орап алмақшы болып, әпкемнің үйіне кірдім. Шыға берісте тәртіп сақшылары күтіп алды.

Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда қаруды қайдан алғаны анықталып жатыр.

ТИМУР ӘБДІЛМАНОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЖЕДЕЛ-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ БӨЛІМНІҢ БАСТЫҒЫ:

  • Петропавл тұрғынынан иір ұңғылы, калибрі 7,62-де 54 мм-лі 1944 жылғы үлгідегі карабин тәркіленді. Мылтықты баллистикалық зерттеуден өткізу үшін ол Жедел-криминалистикалық басқармасының зертханасына жіберілді. Оның бекіткіш тетігі болмады. Сәйкес бекіткіш таңдалып алынып, қарудан оқ атылады. Оқтары ҚР Ішкі істер министрлігіне жіберіліп, оның қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Аталған факті ҚР ҚК «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Алынған қару сараптамаға жіберілді. Оның сериялық нөмірі қайта соғылғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша түпкілікті процестік шешім сараптама нәтижелерінен кейін қабылданады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
13:03, 24 қыркүйек 2021
ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...