ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ

13:00, 19 шілде 2022

Адамдарды құтқарғаны үшін Солтүстік Қазақстан полициясының қызметкері Руслан Акматов «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасын алды. Ол 2016 жылы өз өмірін қатерге тігіп, автомобиль көпірінің аркасынан секіруге тырысқан қызды құтқарды. Бұл туралы солтүстікқазақстандық әріптестеріміздің материалынан көрейік.

РУСЛАН АКМАТОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Неліктен мұндай әрекетке бардыңыз, көпірге не үшін шықтыңыз деп сұрадым. Ол маған қазір секіретінін айтып тыңдамауға айналды. Жақындарыңыз, ата-анаңыз, отбасыңыз бар шығар. Оларды ойлаңыз дедім. Қобалжи бастады. Тыныштандырып, түрлі амалдарды қолдана бастадым. Әңгімеміз жалғаса түсті. Бірақ айтқанынан қайтатын емес. Темекі сұрады. Өзім темекі шекпегендіктен төменге түсіп, әріптесімнен сұрадым. Енді шыққанымда жанына жақындатпады. Тағы да секіремін деп ұмтылды. Қолымды созып, темекіні ұсына бергенде қолынан шап беріп ұстай алдым.

 Осы ерлігі үшін Руслан төтенше жағдай органдарымен III дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгісімен марапатталды. Ал биыл көптен күткен мемлекеттік марапат өз иесін тапты. Құтқарылған адам өмірі үшін полиция аға лейтенанты ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың қолынан «Ерлігі үшін» медалін алды.

 РУСЛАН АКМАТОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Мемлекеттік награданың берілуі – мен үшін өте үлкен мақтаныш. Менің отбасым үшін, әріптестерім үшін, туыстарым үшін үлкен қуаныш болды. Бұл – менің еңбегімнің бағаланғаны деп білемін. Көп рахмет.

 Руслан атап өткендей, полицияда жұмыс істеу жақсы дайындықты қажет етеді. Кәсіби ғана емес, дене дайындығы да мықты болуы тиіс. Бала кезінде ол полиция қызметкері болуды мақсат етіп, бокс, қоян-қолтық ұрыс секциясына бара бастаған. Бүгінде Руслан осы спорт түрлері бойынша спорт шеберіне үміткер, спорттық атудан бірінші разрядқа ие.

 Босанған әйелді перинаталдық орталыққа кедергісіз жеткізу, сынған автокөлікті сүйреп апаруға көмектесу, қарт адамды жол арқылы өткізу, жоғалғандарды іздестіруге қатысу – қызметте түрлі жағдайлармен бетпе-бет келуге тура келеді. Айта кетейік, СҚО-да ерлік істері үшін 8 полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Тақырып бойынша материалдар

КӨШЕДЕ  ЗЕЙНЕТКЕРДІ ТОНАП КЕТКЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
17:17, 18 шілде 2022
КӨШЕДЕ ЗЕЙНЕТКЕРДІ ТОНАП КЕТКЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар