ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ҚОРЫҚ АУМАҒЫНДА ЗАҢСЫЗ ЕЛІК АТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

17:23, 15 қыркүйек 2021

Қызылжар ауданындағы Согров қорығында екі елік атып алған браконьерлер ұсталды. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қыркүйек күні табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы, «Көкшетау» ұлттық табиғи парктің инспекторы және Согров қорығының бас қорықшысы қорық аумағына түнде рейдке шығып, мылтық дауысын естиді. Браконьерлерді ұстау үшін бөлініп, орман ішін сүзеді. Нәтижесінде сібір елігін сойып жатқан үш адамның  үстінен түседі.

Сол жерде тұрған «Toyota Prado» көлігінің жүк салғышында тағы бір аңның еті болған. Бұл дерек «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті үш адам ұсталды. Олардың екеуі – 52 және 39 жастағы петропавлдық, біреуі 51 жастағы Мамлют ауданының тұрғыны. Олардан 308 калибрлі ойық ұңғылы карабин алынды. Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері аң аулау және балық аулау қағидаларын сақтау, браконьерлік фактілерін болдырмау бойынша ұдайы рейд өткізеді. Аталған іс-шара мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірлесе өткізіледі. Жыл басынан облыста заңсыз аңшылықтың 10 фактісі тіркелді, сондай-ақ 405 аң аулау қағидаларын бұзушылық анықталды.

Гүлжан Байтұсова, Қызылжар ауданы полиция бөлімінің аға тергеушісі:

- Еліктің бірі бөлшектенген, ал екіншісі жартылай мүшеленген. Сондай-ақ тексеру барысында балта, пышақ пен ойық ұңғылы карабин алынды. Аталған факті ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аталған баптың санкциясы 3 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды немесе шектеуді көздейді.Бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
13:03, 24 қыркүйек 2021
ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 49 КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...