ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

КӨШЕДЕ ЗЕЙНЕТКЕРДІ ТОНАП КЕТКЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

17:17, 18 шілде 2022

Петропавлда зейнеткерді көшеде тонап кеткен. Полицейлер күдіктіні ұстады. Ол келесі  күні дүкендердің біріндегі кассадағы ақшаны қолды қылған. Ұсталған азамат бар кінәсін мойындап отыр. Толығырақ облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметі дайындаған бейнематериалда.

 Көру қабілеті бойынша мүгедек 73 жастағы ер адам «102» нөміріне қоңырау шалып, 4 шілде күні Ғ. Мүсірепов көшесінде белгісіз біреу артынан ұстап құлатып, қолындағы барсетканы жұлып әкеткені туралы хабарлаған.

 ЖӘБІРЛЕНУШІ:

- Мен тез түрегелгім келді, бірақ аяғымды сезбедім. Кейін қалпына келді. Мен оған не істеп жатсың,  тым болмаса құжаттарды тастап кетсеңші дедім.

Көзі нашар қөретіндіктен ер адам қылмыскерді сипаттай алмады. Оқиға орнының маңында орналасқан бейне камералар қылмыстың ашылуына септігін тигізді. Келесі күні дәл сол адам басқа бейнекамераға түсіп қалған, ол бұл жолы азық-түлік дүкенінің кассасынан 250 мың теңгені ұрлаған. 6 шілде күні күдікті ұсталды.

МЕЙРАМ СӘРСЕНБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ БІРІНШІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1982 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны анықталып ұсталды. Кінәсі қылмыстық істегі материалдарымен дәлелденіп, заттай дәлелдемелер қылмыстық іс материалдарына қосылды.

 Күдікті жасаған әрекетіне өкінемін, ақшанғы қысылғасын осындай әрекетке бардым дейді.

 КҮДІКТІ:

- Ақша керек болды. Сөмкеде ақша деп ойладым. Сөмке қалың болып көрінді. Жасаған әрекетіме өкініп отырмын, шатасып кеттім.

 Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің «Тонау» және «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Ұрланған заттың бір бөлігі  тәркіленді. Күдікті қамауға алынды.

Тақырып бойынша материалдар

КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ
13:00, 19 шілде 2022
КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРҒАН ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар