ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

20:39, 17 мамыр 2022

Сақтықта, қорлық жоқ. Суға шомылу маусымының басталуына 1айға жуық уақыт қалды. Сондықтан құтқарушылар өңір тұрғындарын өзен-көлдерге барғанда қарапайым ережелерді ескеруге шақырады. Төтенше жағдайлар департаменті өткізген рейдте болып қайтқан тілшіміз тарқатсын.

Бұл өзен-көлдердің температурасын өлшеуге арналған құрал. Арнайы штативі бар термометр 30-50 см тереңдікке түсіріліп, гидролог мамандар ол жердегі судың көрсеткіштерін айнықтайды. Айталық, дәл қазір қалалық жағажай маңындағы Есіл өзенінің температурасы 14 градус.

 РАТМИР ЯКУПОВ, СҚО  ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ І САНАТТАҒЫ ИНЖЕНЕРІ, ГИДРОЛОГ:

- Облыс аумағында 19 гидрологиялық бекет бар. Мамандарымыз өзен-көлдердің мұзы кеткен күннен бастап судың температурасын күніне екі рет өлшейді. Таңғы және кешкі 8-де біздің мамандарды жағажайдан табуға болады. Осы уақытта өткен жылы Есіл өзенінің суы салқындау болған. Ал жалпы температура неғұрлым жоғары болса, соғұрлым шомылуға жақсы.

Бірақ кейбірі тіпті қарапайым ережелерді ескермей жатады.

 МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Күн жылынғалы бері балықшылар мен балаларды жағажайлардың маңында жиі кездестіреміз. Балалар көбіне ата-аналарының қарауынсыз жүреді. Бүгіндері республика бойынша 32 адам суға кеткен. Оның 6-уы бала. Соңғы 9 жыл ішінде 211 солтүстікқазақстындық су құрбаны болса, 33-і жасөспірім. Көбіне, су жабдықталмаған жерлерде, тағы мас күйінде  шомылатындардың өмірін жалмап жатыр.

 Құтқарушылар сақтықта қорлық жоқ екендігін естен шығармауға шақырады. Рейдтік шараларды да күшейткен.

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:32, 24 маусым 2022
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...