ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

17:20, 22 қазан 2021

Үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге деген ұмтылыс, жауапкершілік, физикалық төзімділік және жануарларға деген шынайы қамқорлық. Бұл кинологтарға тән қасиет.  Облыстық полицияның балансында – 52 қызметтік-іздестіру иті бар. Ал полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 13 кинолог 20 қызметтік итті жаттықтырады. Қалғандары аудандық полиция бөлімдерінде қызмет атқаруда.

Ұрлықты, ауыр қылмыстарды және есірткімен байланысты құқық бұзушылықтарды ашуда тәжірибелі кинологтар мен олардың арнайы үйретілген иттерінің көмегі зор. Осы жылдың 9 айының ішінде бұл қызмет есірткі қылмысына қарсы 96 рет қолданылды. Нәтижесінде 11 факті ашылды, заңсыз айналымнан 9,5 кг астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Қызметтік иттер ізбен жұмыс істеп, 351 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, иттердің көмегімен 80 рет жарылғыш заттарды іздеу жүргізілді, абырой болғанда, жарылғыш заттар туралы ақпараттың бірде-біреуі расталмады. Бұл сандардың астында-күнделікті қажырлы еңбек жатыр. Тәжірибелі кинологтардың арасында кездейсоқ адамдар жоқ, бұл мамандықта «уақытты зая өткізуге» болмайды.

ЕРІК КӘРІБАЕВ, СҚО ПД КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОР-КИНОЛОГЫ :

- Қазіргі уақытта Кинология қызметі орталығында қызметтік иттерді дайындау, қызметте қолдану кіші инспектор кинологтардың арқасында жүзеге асырылады. Кинология қызметі орталығына 13 бірлік бар. Штат бойынша бастық, бір аға инспектор, екі жай инспектор және де 6 кіші инспектор-кинолог, 3 кезекшінің көмекшісі. Жалпы департамент бойынша 52 ит баланста тұр. Кинология қызметі орталығында 20 қызметтік ит бар. Оның ішінде есірткі іздеу, жарылғыш заттарын іздейтін иттер, одорологиялық қызмет бойынша иттер бар және де із кесу бойынша дайындалған қызметтік иттер бар.

Солтүстікқазақстандық Кинологиялық қызмет орталығының кәсіби ортасын қалыптастыру Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдарына тұспа-тұс келді. Соңғы отыз жылда материалдық база айтарлықтай нығайтылды, кәсіби дәстүрлер қалыптасты, өзіндік бірегей әдістер дамытылды. 2008 жылдың аяғында орталықтың штатында тек 3 қызметкер және 6 іздеу иті ғана болған-ды. Қазіргі таңда мұнда жеке автопарк, әкімшілік-тұрмыстық кешен, ветеринарлық блок, қажетті жабдықтары бар жаттықтыру алаңы, вольерлері бар павильондар, иттерге арналған күшіктеу бөлмесі де бар, жалпы жануарларға барлық жағдай жасалған.

ЕРІК КӘРІБАЕВ, СҚО ПД КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОР-КИНОЛОГЫ:

- Қызметтік іздестіру иттерді дайындау алдында оларды тестілеуден өткізеді. Ол үшін олардың арнайы тестілері бар. Содан өткен иттер ізкесу бойынша дайындалады. Қызметтік иттер сегіз жыл қызмет атқарады. Одан кейін арнайы комиссия құрылып, сол жерде қарастырылатын болады. Қызметтік ит әрі қарай өз жұмысын жалғастыра алады ма жоқ па?

Солтүстікқазақстандық кинологтар тәулік бойы есірткіге қарсы күресушілермен, криминалдық полицияның жедел уәкілдерімен, кезекші бөлімдермен және басқа да қызметтермен еліміздің әр тұрғынының игілігі үшін қылмыстың алдын алу мен ашуДА қомақты үлестерін қоса жұмыс атқарып жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
20:48, 2 желтоқсан 2021
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
20:42, 30 қараша 2021
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...