ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ҚЫЗМЕТТІК ҮЙ-ЖАЙМЕН БІРІКТІРІЛГЕН УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

20:36, 16 маусым 2022

Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносовка ауылында қызметтік үй-жаймен біріктірілген учаскелік полиция пункті ашылды. Салтанатты іс-шараға ауыл тұрғындары, аудан әкімі Серік Мұхамедиев, облыстық ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов және ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші орган мүшелері қатысты.

Ломоносов ауылдық округі облыс орталығынан 300 шақырым шалғайда орналасқан. Округ құрамына 2 мыңнан астам адам тұратын төрт ауыл кіреді. 2016 жылдан бұл учаскеде тәжірибелі учаскелік полиция инспекторы Азамат Сыздықов еңбек етеді; жыл басынан ол 128 түрлі әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, екі қылмыстың бетін ашты. Округте учаскелік инспекторлардың жұмыстарына қиындық тудыратыны - ауылдардың бір-бірінен алшақ орналасуы. Мәселен, бір уақытта бірнеше ауылдан шақырту түсуі мүмкін. Полицияның 30 жылдығы қарсаңында бұл мәселе жартылай шешілді: жергілікті шаруашылық және атқарушы органдардың қатысуымен учаскелік округтің орталық ауылында полиция инспекторына тұрғын үймен біріктірілген заманауи учаскелік полиция пункті берілді.

Азамат Сыздықов, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы:

- Оның алдында Ломоносов ауылдық округінің Урожайное ауылында тұрдым. Осы үй салып, қазір ашылуы болып жатыр. Сол кісілерге алғыс айтамын. Міндеттерімді, жұмысымды атқаруға, жалғастыруға үлкен көмек болып отыр. Халыққа жан-жақтан ашық, қолжетімді боламын.

Аумағы 100 шаршы метрден асатын жаңа ғимарат Ломоносовка ауылында орналасқан. Бұл ауылдың орталығы. Елді мекен тұрғындары жұмыс бөлмесімен біріктірілген жаңа үйге оң бағасын берді.

Қамажай Файзулина, Ломоносовка ауылының тұрғыны:

- Учаскелік инспектор Азамат Урожайное елді мекенінде тұрғанымен әрдайым қасымыздан табылатын. Ол көмекке тәуліктің кез-келген уақытында келетін.  Біз оның алыста тұратынын сезінбейтінбіз. Енді жақын жерге көшіп келіп жатқанына қуаныштымыз.

Мөлдір Темірбекова, Ломоносовка ауылының тұрғыны:

- Мұндай опорный пункт ауылға өте керек. Азамат осыған дейін Урожайное ауылында тұрды. Сол жақтан келіп тұратын. Қазір енді ыңғайлы.

Округтің тұрғындары үшін Ломоносовка ауылына облыстық полицияның Мәдени орталығының вокалдық тобы концерттік бағдарламамен барып өнер көрсетті.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, осындай учаскелік полиция пункттері «жұртқа жақын полиция» қағидаты және полицияның сервистік жұмыс моделі аясында ашылып жатыр.  Учаскелік полиция инспекторының жұмыста тәулік бойы болуы ең бірінші кезекте ауыл тұрғындары үшін ыңғайлы.

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:32, 24 маусым 2022
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...