ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

МАЛ ҰРЛАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН КӨКШЕТАУДЫҢ ҮШ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

20:42, 22 қыркүйек 2021

СҚО полицейлері мал ұрлады деген күдікпен Көкшетау қаласының үш тұрғынын ұстады. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.  СҚО ДП баспасөз қызметінің материалына назар аударайық.

Айыртау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлады деген күдікпен үш ер адамды ұстады.  Бірнеше ай бойы полицейлер барымташыларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізді.

Азат Құсайынов, СҚО ПД Тергеу  басқармасы бастығының орынбасары:

- Қаскөйлер өткен жылы күзде Қоскөл ауылында түнде қораның  құлыбын бұзып,  жылқыны ұрлап кеткен. Ұрлықты «ізін суытпай» ашу мүмкін болмады, алайда жедел жұмыстар бір сәтке де тоқтатылмады. Ауылға жақын маңдағы орманда жануардың ішек-қарыны және терісі табылды.

Осы ауданда тағы бір ұрлық биыл көктемде жасалған. Егіндіағаш ауылы тұрғынының еркін жайылымда жүрген бұқасы ұрланған. Иелері полицияға бірнеше күннен соң ғана жүгінген. Қыркүйекте қылмыс жасады деген күдікпен Көкшетау қаласының үш тұрғыны ұсталды.

Азат Құсайынов, СҚО ПД Тергеу  басқармасы бастығының орынбасары:

- Бұл қылмыстарды ашу бақылауда болды. Ұрлық фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188,1-бабы 3-б. «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде. Баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Қазіргі уақытта «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

АРМЕНИЯДАН ӘКЕЛІНГЕН 450 КӨЛІК ОБЛЫСТА ТІРКЕЛДІ
17:19, 26 қазан 2021
АРМЕНИЯДАН ӘКЕЛІНГЕН 450 КӨЛІК ОБЛЫСТА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...