ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

МАС КҮЙДЕ КӨЛІКТІ АЙДАП ӘКЕТКЕН ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ

20:39, 15 сәуір 2021

Қызылжар полиция бөлімінің қызметкерлері мас күйде автокөлікті айдап әкеткен Бескөл тұрғынын ұстады. 27 жастағы жігіт бұл әрекеті үшін енді 15 күнін қамауда өткізеді. Бұл осы ауданда жыл басынан тіркеліп отырған 3-ші көлік ұрлау фактісі.

Бескөл ауылының  тұрғыны үй алдында тұрған «Audi-100» автокөлігінің жоғалғанын байқаған. Азамат бірден полицияға жүгінді. Шығын 1 миллион  200 мың теңгені құрады. Тәртіп сақшылары  жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырады. Криминалистер оқиға орнын тексеріп, куәгерлерді анықтады. Олар күдіктіні сипаттап, мас болуы мүмкін деген ақпарат береді.  Аудандық бөлім бастығының бірінші орынбасары Жәнібек Мұхамадиев аудан орталығының шетінде "Audi" автокөлігі жолда батып қалғанын анықтаған. Маңында бағдар бойынша күдіктіге ұқсас адам болған. Ол Нұр-Сұлтан қаласында құрылыста жұмыс істейтін  27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Күдікті :

  • Көшеде келе жатып, аулада тұрған көлікті көріп, жай уақытша ала тұрайын деп ойладым. Қасына келіп, көлік ашық тұрғанын байқадым. Есікті аштым. Кілтті бардачоктан тауып алдым. Тұтатып, кеттім. Дорожная көшесіне дейін келіп, тоқтап қалдым, көлік жүрмей қалды. Сол жерде полиция қызметкерлері мені тауып алды.

Күдікті мас күйде көлік жүргізудің адам өміріне қауіпті екенін ойламаған көрінеді.

ТЕМІРБЕК ТАУБАЕВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ :

  • Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.Күдіктіні ұстау жоспары жарияланды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бескөл ауылының орталық стадионы ауданында 27 жастағы ауыл тұрғыны мас күйінде ұсталды.

Бескөл тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 күнге қамауға алынды. Автокөлікті заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Аталмыш ауданда жыл басынан бері бұл 3-ші көлік ұрлау фактісі.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
20:44, 17 мамыр 2021
ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА БАСТАУ АЛДЫ
13:04, 14 мамыр 2021
«АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...