Балалардың білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді полицейлер мен облыс әкімдігі өкілдері талқылады. Қазіргі кезде барлық мектептерде бақылау камералары бар. Ал облыстың 200-ден астам оқу ордасындағы 4000 мыңға жуық бейне камераның жазбаларын жедел басқару орталығының мамандары қарай алады. облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.
Кездесуге қатысушылар – полицейлер, білім және облыс әкімдігінің Цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері.
Нәзір Жәшібеков, облыстық білім басқармасының басшысы:
- Біз Полиция департаменті басшылығымен бірге білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысты жүргізудеміз. Жұмыс қызған, біз үнемі байланыстамыз. Өзара іс-қимыл жолға қойылған.
Барлық білім беру нысандары бейне бақылау жүйелерімен, дабыл түймесімен және мамандандырылған күзетпен жабдықталған. Облыстық Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов мектептердің бейне бақылау жүйелерін Петропавл қаласы Жедел басқару орталығына немесе полицияның кезекші бөлімдеріне жүз пайыз қосу мәселесін назарға алғанын айтты.
Михаил Золкин, СҚО ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бөлім бастығы:
- Мемлекет басшысының Жолдауы аясында 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланды. Осыған байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін камералар орнатылып жатыр, олар Жедел басқару орталығына қосылады.
Бүгінгі күні Жедел басқару орталығы қызметкерлері облыстың 200-ден астам мектебіндегі 4000 мыңға жуық бейне камераның жазбаларын қарай алады. Кездесуге қатысушылар мектеп пен колледждерді қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етуге қатысты нақты қадамдарды белгіледі.