ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ БІРҚАТАР ПОЛИЦЕЙДІҢ ШЕНІ ӨСТІ

20:45, 4 маусым 2021

4 маусым - Полиция департаменті ғимараты алдынан Мемлекеттік рәміздерді, Елтаңба мен Туды ұстап, жүріп өтуді тәртіп сақшылары дәстүрге айналған. Оркестр Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.

Мереке күні бес офицер кезекті арнаулы майор мен подполковник шендерін алды. Үш жас қызметкер офицер атанды. ҚР ІІМ М.Бөкенбаев ат. Ақтөбе заң институтының төрт түлегіне СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев алғашқы қызметтік куәліктерді табыс етті. Құттықтау сөзінде ол Мемлекеттік рәміздер күні - әр полицей үшін ерекше мереке екендігін атап өтті. Өйткені Әнұранның сүйемелдеуімен құқықтық тәртіп қызметкерлері мемлекет пен қоғамға адал қызмет етуге ант қабылдайды.

МӘДИНА ЖЕҢІСОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- Бүгін мен алғашқы қызметтік куәлігімді, сондай-ақ полиция лейтенанты шенін алдым. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор лауазымына тағайындалдым. Осы атақты мақтанышпен әрі лайықты атқарып өтемін. Қазақстан Республикасына қызмет етемін.

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
17:17, 10 маусым 2021
СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...